Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Қазақстанда тарының қалай пайда болғаны анықталды

672 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Назарбаев Университеті, Алматы қаласындағы Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университеті және Германиядағы Киль университеті ғалымдарының жаңа зерттеулері Ішкі Азия таулары арқылы тарыны алғашқы өткізу мал жаю мен өсімдік өсіру арасындағы тығыз байланыспен сәйкес келгенін көрсетеді.

Қазақстанда тарының қалай пайда болғаны анықталды

Зерттеу нәтижелері 4 қыр­күйек­те «Proceedings of the Royal Society B» журналында «Early integration of pastoralism and millet cultivation in Bronze Age Eurasia» ғылыми мақаласында жа­рия­­ланды.

Зерттеуде оңтүстік-шы­ғыс Қа­зақстанның Жоңғар таула­рындағы жерде жуырда ашылған ерте қола дәуіріндегі б.д.д. 2700 жыл­дары қолға үйретілген қой­­ мен ешкі сүйек­терін сәй­кес­­тендіру үшін ежелгі ДНК пайдаланылды. Тұрақты изотоптарды талдау Орталық Азия­да қыстың қаттылығына шы­дауға көмектесу үшін жануарларды та­ры­мен азықтандырғанын көр­сетті.

– Тары тез өседі және жер­гі­лікті таулар мен дала ойпат­тарының өсімдіктерімен салыс­тыр­ғанда, оның көміртегінің айқын изотоптық құрамы бар. Біз жануарлардың тарыны ерте Қо­ла дәуірінен Темір дәуі­рі­не дейін тұтынғанын нақты анық­тай алдық, – деді Др. Тейлор Хер­мес, Киль университетінің пост­докторлық зерттеушісі және зерт­­теудің жетекші авторы.

Орталық Азияда қой мен ешкіні қолға үйрету үшін осын­­дай ерте кезеңде жануар­лар­­­ды та­рымен асырау мал ша­руа­шы­лығының, шошқа бағудың да, тары егудің Қытай қауымынан әрі қарай батысқа дейін таралуы үшін маңызы зор деп болжауға мүмкіндік береді. Др. Гермес мал шаруашылығы мен өсімдік ша­руашылығы арасындағы ерекше байланысты атап көрсетеді.

Жоңғар тауларында (Қазақ­стан) мал шаруашылы­ғымен айналысатын Бегаш және Тасбас атты екі шағын елді мекенде адам жерлеу орындарын зерттеген­де команда қолдан жасалған да­қылдар бастапқыда Орталық Азия­ға негізгі азық-түлік ретінде емес, тауар ретінде таралғаны ту­ралы гипотезаны ұсынды. Адам кремацияланған табыттарын­да бидайдың, тарының және ар­паның көмір басқан дақылдары (б.з.д. шамамен 2500-2200 жж.) адамдардың Орталық Азия ар­қы­лы дәнді дақылдармен ал­мас­қанының ең ерте берілген дәлелі болып отыр.

– Өсімдік шаруашылығының жергілікті мал шаруашылығына қосқан үлкен үлесі Тасбас пен Бегашта тұратын адамдар дәнді дақылдардың элементтерін өз­дерінің салт-дәстүрлерінде қо­суды ұйғарғанының себебі болуы мүм­кін. Олардың қабірлерінде би­дай мен арпаның тарымен бірге табылуы  осы таулы өңірдегі бас­қа да мәдениеттердің рөлі туралы ойлануға мәжбүрлейді, – деді Назарбаев университетінің Жа­ратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мек­­тебінің антропология кафе­дра­­сының меңгерушісі Паула Дюпюй.

Ауыл тұрғындары тарыны та­мақ ретінде жейтініне дә­лел аз болмаса да, ғалымдар өз зерт­теу­лерінде ауыл шаруашы­лы­ғы дақылдарын негізінен мал азы­ғы үшін өсірді деп болжайды. Жа­нуарлардың рационында тары тұтыну көшпелі өмір салтының әлеуметтік және экологиялық жағ­дайларының өзгеруіне байланысты ауыспалы болған.

– Енді біз тарыға жай ғана салт деп қарамай, одан да жете мән берілгенін білеміз. Тары табынды аман-сау ұстау үшін және мал өсірушінің өмірі үшін де құнды өнім болды, – деді Гермес.

Ғалымдар өз мақаласында ар­хеологиялық қазбалар мен мұ­­ражай коллекцияларының нә­ти­желеріне сүйенген. Зерт­теу Майкл Фрачеттидің жетек­ші­­лігімен Вашингтон универ­си­теті мен Ә.Х.Марғұлан атын­да­ғы Археология институтының ара­сында көпжылдық ғылы­ми әріп­тестік аясында жүргі­зіл­ді. Зерт­теуге сондай-ақ Киль уни­вер­ситетінде Шерил Ма­ка­ревич жетекшілік ететін еуро­палық зерт­теу кеңесі қаржылан­дыратын «ASIAPAST» жоба­сы қол­дау көр­сетті.