Аймақтар • 03 Қазан, 2019

Маңғыстаулық полицейлердің ақпараттық-насихаттық тобы Қарақия ауданына келді

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған.

Маңғыстаулық полицейлердің ақпараттық-насихаттық тобы Қарақия ауданына келді

Жол картасын іске асыру шеңберінде қазақстандық полициясы қызметкерлерінің жаңа келбетін қалыптастыру, полиция мен қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, патриотизмді насихаттау бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында құрылған Маңғыстау облысы Полиция департаментінің ақпараттық-насихат тобы Қарақия ауданына жол тартты. 

Айта кетейік, аталған топ республика бойынша алғашқылардың бірі болып жұмысын бастап кетті және облыс аумағындағы қала мен аудандарға баратын болады. Департамент басшысы Қ.Таймерденов бастаған топ Құрық ауылына келді. Полиция басшысы аудан тұрғындарын қабылдап, мәселелерін тыңдады. Ішкі істер органында қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына барып, марқұм әріптестердің рухына Құран бағыштады. Қарақия ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері тұратын жатақхананы көріп, жағдайымен танысты. Аудандық мәдениет үйінде Қ.Таймерденов халыққа қоғамдық-саяси мен криминогендік ахуалдың бір қалыпты екендігін атап, 9 ай қорытындысы бойынша есеп берді. Алдағы уақытта аудандық полиция бөлімі мен ауылдық бөлімшелерінде фронт-кеңселері ашылып, жұмыстарын жүргізетінін айтып өтті және жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар ішкі істер органдарының еңсесін көтеріп, қазақстандық патриотизмді насихаттау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және тәртіптерін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін бірқатар аудан тұрғындары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады, оның ішінде ІІО ардагері, зейнеткер Екібаев Ілияс Бекмырзаұлы да бар. Сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне арнаулы атақтар берді.

Қарақия ауданының әкімі Беков Қыдырберді Әндірұлы өз кезегінде ақпараттық-насихаттау тобының жұмысына ризашылығын білдіріп, аудан көлемінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін Қарақия ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерін аалғыс хаттарымен марапаттады. Кездесу соңында полиция департаментінің ұйымдастыруымен концерт өтті.