«Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері қаралатын болады. Пленарлық сессиялар барысында Қазақстан мен Ресей басшыларынан басқа Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Иордания Королі ІІ Абдалла және Филиппин Президенті Родриго Дутертенің сөз сөйлеуі жоспарланған.», деп жазды Берік Уәли.
Айта кетейік, биыл «Валдай» халықаралық пікірталас клубының жұмысына 37 елден, 140-тан астам сарапшы қатысады.