Аймақтар • 03 Қазан, 2019

Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлері бас қосады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 4 және 6 қазан аралығында Орталық мемлекеттік музейде дәстүрлі «Алтын алма» қолөнер жәрмеңкесі  басталады.

Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлері бас  қосады

Бұл көрмеге Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Грузиядан жалпы 10-ға жуық елдің шеберлері келеді. Бұл жаңалықты бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі хабарлады.

Алманы сәндік қолданбалы өнер шеберлерінің төл туындыларында, зергерлік бұйымдарында, шағын гобелендерінде, киіз бен тері бұйымдарында кездестіруге болады.

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің баспасөз хатшысы Ақмарал Айдынбаева  көрмеге қатысқан шеберлерге өздерінің тек қана бұйымдарын сатып қана қоймай, сонымен қатар шеберлік сабақтарын да өткізуге мүмкіндік берілетінін айтты.

«Бұл шеберлік сабақтарына қатысушылар арнайы жазылады, сол арқылы шеберліктерін дамытады», – деді ол журналистермен кездескен кезде.