Руханият • 04 Қазан, 2019

Маңғыстауда Әбіш Кекілбайұлының тойына дайындық кең ауқымда жүргізіліп жатыр

473 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Маңғыстауда Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына дайындық жұмыстары өз шегіне жақындап қалды. Қазақ даласының барлық қыры мен ойы тұрмақ, шетелдерден қонақтар келетін атаулы күн қазан айының 10-ы мен 12-і аралығына белгіленген. Ірі, айтулы шаралар сол күндердің еншісіне жазылғанмен, Маңғыстауда мектептер мен кітапханаларда, оқу орындарында, мәдениет мекемелерінде Ә.Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты байқаулар, кештер мен көрмелер, «Әбіш оқулары», «Жас ақындар мүшәйрасы», сондай-ақ шығарма жазу сайыстары өзге де шаралар басталып кеткелі біраз. Осы орайда жазушы тойына дайындық барысы туралы жауапты орындардың басшыларын тыңдаған едік.

Маңғыстауда Әбіш Кекілбайұлының тойына дайындық кең ауқымда жүргізіліп жатыр

Руханияттың тойын лайықты өткіземіз

– Әбіш Кекілбайұлының тойы – елдің, руханияттың тойы. Сон­дық­тан осы деңгейге лайықты етіп өткізу – бас­ты мақсатымыз және міндетіміз. Қа­зіргі таңда атаулы күнге аз-ақ уақыт қалды, сол себептен дайындық жұ­мыс­тарын пысықтап, өз мәресіне жет­кі­зе тиянақтаудамыз. Заңғар жазушы Ә.Кекілбайұлын халықаралық дең­гейде танытып, дәріптеу мақ­сатындағы шараға жазушы­мен әріптес болған әдебиет және өнер қайраткерлері, шығар­ма­­ларын бірнеше тілге аудар­ған аудармашылар, сондай-ақ Еу­ро­па, Жапония, Түркия мем­лекеті мен көршілес Ресей елі­нен ғалым, зерттеушілер шақы­ры­ла­ды. Шараға еліміздің Мә­де­ниет минис­тр­лігі қолдау көр­сетуде, дейді Маңғыстау облыс­тық мә­ден­иет басқармасы бас­шысы П.Сармурзина. Шара ба­рысында Ақтау қаласында Әбішке арналған мә­дени орта­лық кешенінің алдында орналасатын ескерткіштің және облыстық өлкетану му­зей­інің ашылу салтанаты өтіп, түрлі спорттық ойындар, қазақша күрестен республикалық турнир өткізі­леді. Сондай-ақ рес­пуб­ли­калық Арда­гер­лер кеңесінің көш­пелі отырысы өтіп, бірінші халық­аралық «Әбіш әлемі» театр фестивалі бас­талады. Бұл фестиваль өзінің репертуарымен, яғни қойылымдардың ерекшелігімен тәнті ететін болады. Маңғыстау облы­сы әкімінің тапсырмасы­мен «Әбіш оқуларының» жеңім­паз­да­ры­на, филология және журналистика саласында жақсы нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге Әбіш Кекілбайұлы атындағы шә­кір­­т­ақы тағайындалмақ.

 

Халықаралық конгресс – мазмұнды ойлар мінбері

– Ә.Кекілбайұлының 80 жыл­­ды­ғы­на арналған әдебиет және өнер қай­рат­керлерінің ха­лық­­аралық конгресін өткізу Маң­ғыс­тау өңіріндегі іргелі оқу орны Ш.Есенов атындағы Каспий мем­ле­кеттік технология­лар және инжиниринг университетіне жүк­телді. Бұл біз үшін үлкен қуа­ныш, зор абырой. Ұлы жазушы біздің университет үшін, біздің сту­­­денттеріміз үшін қашанда асқақ. Университетте ашылған «Әбіш Кекілбайұлы атындағы оқу кабинеті» жазушының әде­би мұрасын оқып-үйрену мен зерт­теп-зерделеуге арналған оқу орталығы болып табылады. «Қазақ филологиясы» кафед­ра­сының профессор-оқыту­шы­ла­­ры қаламгер мұрасын зерделеп, монографиялар мен оқу құ­ралдарын жариялауда. Білім алу­шы­лардың күшімен жазу­шы­ның әдеби мұрасын зерттеуге арналған магистр­лік диссертациялар мен диплом жұмыстары орындалуда. Оқу-жұмыс жоспары бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» бакалавриат мамандықтарына «Әбіш­тану» курсы оқытылып келеді, жыл сайын дәстүрлі түрде «Әбіш оқу­лары» өткізіліп тұрады.

Ә.Кекілбайұлы шығар­ма­­­шы­лы­ғының әлемдік көр­кем кеңіс­тік­тегі орны мен оның адамзаттың рухани дамуына өзіндік ықпалын қа­­зір­гі ғылыми парадигма­да зер­делеу мақса­тындағы кон­фе­ренция әлемдік әдеби ке­ңіс­тіктегі Ә.Кекілбайұлы фе­но­­­мені, Ә.Кекілбайұлы шы­ғар­­маларындағы тілдік таным, тәуелсіздік контексіндегі Ә.Кекіл­­байұлының саяси-әлеу­мет­тік қыз­меті және Ә.Ке­кілбайұлы және қазақ тари­хы­ның мәселелері, сондай-ақ Ә.Кекіл­байұлы танымындағы Адам және Жаратылыс концеп­ция­сы бағыттары бо­йынша өте­ді. Әдебиет және өнер қай­рат­керлерінің халықаралық конг­ре­сі жазушы өмірін терең танып, шығармаларына деген таным көкжиегін кеңейтетін шара болады деп күтеміз. Шарада еліміздің белгілі ғалымдары мен әдебиетшілері «Ә.Кекілбайұлы және қазіргі қазақ әдебиеті», «Әбіш Кекілбайұлының тұлға ретінде қазақ руханиятындағы орны», «Ә.Кекілбайұлы шығар­ма­ларының тарихи астары» сынды өзекті тақырыптарда баяндама жасап, оқырмандардың, әсі­ресе жастардың Әбішті тани түсуіне зор мағлұмат беретін болады, дейді Ш.Есенов атындағы КМТжИУ ректоры Б.Ахметов.

 

Туған жері текті ұлын ұлықтайды

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникация­лар қызметі алаңында өткен брифингте Онды ауылының әкімі Б.Балапан мәлімдеген еді.

– Әбіш Кекілбайұлының туған же­рі Онды ауылында жасалынып жатқан құрылыс жұмыс­та­­­р­ы­на тоқталсам, Онды ауылына кіре­берістегі 8 шақырым жолға «МКДСМ» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі жөндеу жұ­­мыстарын жүр­гізіп жатыр. Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектепке «Нұрлы жол» жауап­кер­ші­лігі шектеулі серіктестігі жөн­деу жұмыстарын жүргізуде. Жылу қа­зан­дық­тары ауыстырылды, авто­тұрақ орна­тылды, тас тақтайша төсе­ліп, жұ­мыстары аяқталды.

«Ай-Ана» мемориалды кеше­нін ағымдағы жөндеу және «Құ­лын­шақ» балабақшасының жөн­деу жұмыстары аяқталды. Ә.Кекілбайұлы атындағы паркті жөн­деу жұмыстары бойынша 500 шаршы метр жерге тас тақтайша төселіп, су құбыры тартылып, қоршауы ауыстырылуда. Орталық паркті суландыру, ағымдағы жөндеу, абаттандыру, парк ішіндегі обе­лис­кіні жөндеу жұмыстары жүрді, құбыр тартылып, 500 шаршы метр жерге тас тақтайша төселіп, ағаштары бұтақталып, жаңа­дан қақпа орнатылды.

 Ашық спорт алаңына «Нұрлы жол» жауапкершілігі шек­теулі серік­тестігі жөндеу жұ­мыстарын жүр­гізіп жатыр. «Қызыл там» бұлағы басын абаттан­дыру жұ­мыс­тарына 6,3 млн теңге бөлініп, бұлақтар басы табиғи таспен өріліп, қоршауы салынып, тас төсеу, жарық тарту жұмыстарын жүргізді.

Онды мешіті құрылысы аяқ­та­луға жақын. Ішкі жұмыстары, есік, терезесі салынып, сыртқа тас төсеу, шарбақ қалау жұмыстары жүруде.

Әкімшілік ғимаратын ағым­дағы жөндеу жұмыстарын «Ақ­дәу­лет» жауап­­кер­шілігі шектеулі серік­тес­тігі жасап шықты. Онды ауы­­лы­на кіреберістегі көше бе­тін­дегі 50 тұр­ғын үй мен 8 сау­­да нүктелері ие­ле­рі­мен кез­де­сіп, тұрғын үйлер мен сауда нысандарының сыртын, шар­бақ­та­рын әрлеу жұмыстарын жүр­гізу туралы түсіндірме жұ­мыс­та­ры жүргізілді. Қазіргі кезде 40 тұр­ғын үй, 6 кәсіпкерлік нысан әрлеу жұмыстарын жүргізді.

Онды мектебіне Әбіш Ке­кіл­бай­ұлының аты берілгелі мек­­тепте Рес­пуб­ликалық Әбіш оқулары байқауы екі рет өткі­­зіл­ген. Байқауға 14 облыс­тан қатысушылар келді. Сон­дай-ақ заңғар жазушының атын­дағы мек­теп­тің алдына кемең­гер тұлғаның кеуде мүсіні қойы­ла­тын болады. Биіктігі 3 метр бюсттің мүсіні тас­тан қашалып, ал тұғыры граниттен жасалуда, дейді ол.

Ауылдағы жөндеу жүргізіліп, құ­рылысы салынып жатқан нысандарды республикалық дәрежедегі қонақтардың қатысуымен ашу жоспарланған. Сондай-ақ, ұлт­тық спорт түрлерінен жарыс­тар ұйымдастырылып, Әбіш пен Фариза шығармашылығына ар­нал­ған респуб­ли­ка­лық дең­гей­дегі «Сөз бен Саз» бағ­дар­ла­масы өткізілмек. Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе селосында 30-ға жуық үй тігіліп, мерекелік асқа бір мезгілде 2000 адам қатысады деген жоспар бар.

Маңғыстау облысы

 

Соңғы жаңалықтар