Спорт • 04 Қазан, 2019

Билек өз таңдауын жасады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масының бас бапкері Михал Билек 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Кипр және Бельгия құрамаларымен өтетін ойынға шақы­рылған футболшылардың есімін жариялады.

Билек өз таңдауын жасады

Өткен айдағы тізіммен салыстырар бол­сақ, жартылай қорғаушы Бахтиер Зай­нут­динов, жастар құрамасының қорғау­шысы Нұралы Әліп және шабуылшы Сер­гей Хижниченко ұлттық құрамаға қайта оралған.

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмирий Шомко (барлығы – «Астана»), Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйім­баев (екеуі де – «Қайрат»), Александр Мароч­кин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де – «Ордабасы»), Олжас Керім­жанов («Жетісу»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыр­жан Исламхан, Исламбек Қуат (бар­лығы – «Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қай­сар»), Бахтиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей);

Шабуылшылар: Максим Федин («То­был»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Сергей Хижниченко («Астана»).

Кипрмен ойын 10 қазанда, ал Бельгия құрамасымен матч 13 қазанда «Астана Арена» стадионында өтеді.