Спорт • 04 Қазан, 2019

Алматыда Denis Ten Memorial Challenge турнирі өтеді

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 10-12 қазан күндері тұңғыш рет мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge турнирі өтеді. Жарысқа жасөспірімдермен қатар, ересек спортшылар да қатысады.

Алматыда Denis Ten Memorial Challenge турнирі өтеді

Байрақты бәсекеге алыс-жақын 15 шетелден келген спортшылар қатысады деп жоспарлануда. Жастар мен ересектер жеке, жұптық және мұздағы спорттық би бойын­ша өнер көрсетеді. Сондай-ақ Алматы мұзайдынында бірінші рет Алексей Мишан, Этери Тутберидзе, Елена Водорезова сынды білікті бапкерлердің шәкірттері қатысады. Отандастарымыздан Айза Мамбек, Алана Тохтарова да өнер көрсетеді.

Турнир Денис Теннің туыстары мен достары құрған «Денис Тен қорының» мұрындық болуымен ұйымдастырылады.