Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада бастапқы кәсіподақ ұйымдарының «Қауіпсіз кәсіпорын – дені сау жұмысшы» форумы өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті

Бүгінгі күні өндірістегі қайғылы оқиғалардың салдарынан болатын өлім-жітім әлемде жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардан соң үшінші орында тұр.    

Форум өндірістік жарақат, кәсіби ауру-сырқат пен жұмыс орнында болатын өлім-жітім көрсеткішін азайтып, еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшының денсаулығын жақсарту бойынша тиімді сұхбат алаңына айналды. Форумға Кәсіподақтар федерациясының басшылары, әлеуметтік серіктестер, бастапқы кәсіподақтар ұйымы, халықаралық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, еңбек қауіпсізігі жөніндегі сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

Бұған қоса, форум кезінде Қазақстанда кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқан елорданың кәсіподақ белсенділері марапатталды. Шара соңында қатысушылар резолюция қабылдады.

Айта кетейік, аталған форумды биыл 10 қазанда елімізде алғаш рет аталып өтілетін Кәсіподақтар күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы мен елорданың Кәсіподақтар орталығы ұйымдастырды.