Әлем • 04 Қазан, 2019

Қытайда баскетболдан Әлем кубогы өтіп жатыр

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ланчжоу қаласында (Қытай) 3х3 U-23 баскетболдан Әлем кубогы өтіп жатыр. Екінші рет өтіп жатқан аталған кубогқа Қазақстанның ерлер құрамасы қатысуда. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.

Қытайда баскетболдан Әлем кубогы өтіп жатыр

Топтық кезеңнің алғашқы матчында біздің баскетболшылар Латвия командасымен кездесті.  Кездесу 21:15 есебімен Латвия спортшыларының еншісіне шешілді.

3x3 U-23 баскетболдан Әлем кубогының топтық кезеңінің екінші матчында Қазақстанның ерлер құрамасы турнир қожайындары Қытай құрамасымен ойнады. Нәтижесінде 21: 9 есебімен қарсыластарына жол берді. Енді қазақстандық баскетболшылар 5 қазан күні өтетін АҚШ пен Румынияға қарсы ойнайды.