05 Қазан, 2019

Семейге FlyArystan-ның алғашқы рейсі ұшып келді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

FlyArystan авиакомпаниясының «Нұрсұлтан-Семей» бағытындағы алғашқы рейсі кеше түнде Семейге ұшып келді. Алғашқы рейсінде-ақ оның 180 орындық салоны толық болды. Семей жеріне қонысымен баспасөз-брифингі ұйымдастырылды. ​Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қала халқын осындай қуанышты сәтпен құттықтады.

Семейге FlyArystan-ның алғашқы рейсі ұшып келді

- Барлығыңызды көптен күткен қуаныштарыңызбен құттықтаймын, - деді Ермак Бидахметұлы. - Енді, міне, Семейдегі автобус көлігі, теміржол қатынасы сияқты жолаушылар қозғалысы тасымалына орай әуе тасымалы да қосылып, қалааралық, халықаралық қатынастар жоғары деңгейге көтерілді. FlyArystan авиакомпаниясына да қала халқы атынан ризашылығымызды білдіреміз. Бұл әуежайдың толықтай күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай болуына үлес қосып, әр сапары барысында қатаң қадағалап, іске қосқан, халық игілігіне ұсынған облыс әкімі Даниал Ахметов екенін айта кеткім келеді. Ұшақтың ішкі салондарын көріп келдік. Барлығы да өте жақсы. Ал енді сапарларыңыз сәтті болсын!

Әуежайда  «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС басқарма төрағасы Серік Оразғалиев және FlyArystan авиакомпаниясының маркетинг және сату бөлімінің директоры Жанар Жайлауова да өз тараптарынан ізгі тілек, ниеттерін білдіріп жатты.

Жанар Жайлауованың айтуынша, Семейден Нұрсұлтанға қатынайтын сапарлар халық игілігі үшін төмен бағада сатылмақ. Егер алдын ала тапсырыс беріп қойса, билет бағасы бір бағытта 5 мың, 7 мың теңге көлемінде болады. Дегенмен дәл ұшатын күні алса, билет бағасы көтеріледі. Бұрындары бұл компания Шымкент, Тараз, Павлодар қалаларында қызмет еткен.

 

Сурет автордыкі

 

Семей