Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1659
Сенбі, 23 ақпан 2013 5:31
2012 жылғы 21 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Сенбі, 23 ақпан 2013 5:31
2012 жылғы 21 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №1641 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 12, 225-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 19 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 3-4, 9-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 20-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №1659 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысымен бекітілген
Жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрі – РЭҚ) мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі – ЖЖҚ) пайдалану, сондай-ақ РЭҚ-ның электромагниттік үйлесімділігін (бұдан әрі – ЭМҮ) есептеуді жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың талаптары байланыс қызметін көрсететін және (немесе) өндірістік қызметте РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының 1988 жылғы 9 желтоқсандағы Радиобайланыс регламентінің (International Telecommunication Union, ITU, Мельбурн) ережелері және Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстары ескерілді.
Осы Қағидалар:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес РЭҚ пен ЖЖҚ-ға;
2) Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі радиожиілікпен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ пен ЖЖҚ-ға қолданылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абоненттік құрылғы – абонент берген ақпаратты тарату немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
2) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі – осы құралдар немесе құрылғылар меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не болмаса өзге заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану) болатын заңды немесе жеке тұлға;
3) жоғары жиілікті құрылғы (ЖЖҚ) – телекоммуникация саласында пайдалануды қоспағанда, электромагниттік энергияны өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа мақсаттарда шоғырландыруға және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
4) өтініш беруші – жеке немесе заңды тұлға РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесінің өкілі, не оның сенім білдірілген тұлғасы;
5) радиожиілік спектрін пайдаланушы – жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
6) радиожиілік немесе радиожиілік арнасын иелікке беру – тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға беретін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат, ол осы рұқсатта көрсетілген жиіліктер жолағын, радиоэлектронды құралды қолданумен радиожиілікті (радиожиілік арнасын) пайдалануға арналады;
7) жылжымалы радиоэлектрондық құрал – географиялық координаталарға тұрақты байланыстырылмаған радиоэлектрондық құрал;
8) радиожиілік спектрі (РЖС) – 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
9) радиоэлектрондық құрал (РЭҚ) – көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан құралатын техникалық құрал;
10) электромагнитті үйлесімділік (ЭМҮ) – техникалық құралдың өзге техникалық құралдарға радиокедергілер жасамау және нақты пайдалану шарттарында өздеріне абайсызда келтірілген радиокедергілер әсер еткен кезде талап етілетін сапамен бір мезгілде қызмет ету қабілеті;
11) жиілікті бірлесіп пайдалану – екі немесе одан да көп пайдаланушылардың жиіліктерді пайдалануы;
12) стационарлық радиоэлектрондық құрал – тұрақты географиялық координаталары бар РЭҚ;
13) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
14) радиожиілік ресурсы (РЖР) – белгілі бір аумақта эфирде жұмыс істеуге арналған, Халықаралық электр байланысы одағының талаптарын қанағаттандыратын және:
жиіліктердің диапазоны;
жиіліктердің қолданылатын спектрінің ені;
пайдаланылатын технологиялар, көрсетілген ресурсты пайдалануға рұқсат қолданысының уақыт кезеңі ескерілетін қолданыстағы және әлеуетті ықтимал жиілік тағайындауларының жиынтығы;
15) ұйым – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Рұқсат құжаттарын рәсімдеу кезіндегі лауазымды адамдардың әрекеттеріне және әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген тәртіп бойынша шағымдануға болады.
2. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру тәртібі
4. Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алу талап етілетін радиоэлектрондық құралдардың (бұдан әрі – РЭҚ) тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізімде көрсетілген.
Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру тәртібі осы Қағидалардың 3-бөлімімен реттеледі.
5. Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсат немесе Қазақстан Республикасының туы астында жүзетін кемелер үшін радиожиілік спектрін пайдалануға кеме станциясының рұқсатын (бұдан әрі – кеме станциясының рұқсаты) алу үшін өтініш беруші радиожиілік ресурсы (бұдан әрі – РЖР) пайдаланылатын жердегі уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) иелікке беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) қағаз және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz. интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынуға тиіс. Әр байланыс түрі үшін жеке өтінім беріледі.
Өтінім қағаз және электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, ұйым қызметкерлері өтінімді www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган қызметкеріның ұсынуы үшін өңдейді. Уәкілетті орган, аумақтық орган мен Ұйым арасындағы кейінгі өзара іс-қимыл www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.
6. Өтінім мынадай құжаттардан тұрады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) сұралып отырған радиожиіліктер белдеулерінің (номиналдың) негіздемесі келтірілетін түсіндірме жазба, онда жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалардың, пайдалануға жоспарланған РЭҚ ерекшеліктері, байланысты ұйымдастыру сызбасы егжей-тегжейлі баяндалады;
3) осы Қағидаларға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тиісті радиобайланыс түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ-қа арналып толтырылған сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 12-қосымшасына сәйкес техникалық деректері толтырылған сауалнама ұсынылады).
7. Егер өтінім берілген белдеулер (номиналдар) радиожиілігі 1 ГГц-ке дейін болса, аумақтық орган радиожиілікті иелікке берудің қолда бар базасына сәйкес радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) іріктейді және осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық қорытынды дайындайды және оны өтінімге қоса беріп, өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Ұйымға жолдайды.
Өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдары) (барлық байланыс түрлері бойынша (WLL) сымсыз радиоға қолжетімділік желілерінен басқа) 1 ГГц-тен асатын болса, аумақтық орган өтінімді келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде (техникалық қорытындысыз) Ұйымға қарауға жолдайды.
Сымсыз радиоға қолжетімділік желілеріндегі (WLL) өтінім берілген белдеулер (номиналдар) 1 ГГц жоғары болса, аумақтық орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның қарауына жолдайды.
1 ГГц артық сымсыз радиоға қолжетімділік желілеріндегі (WLL) өтінім берілген белдеулерді (номиналдарды) уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қарап, нәтижесі бойынша өтінімді Ұйымға жолдайды.
Өтінім түгел жинақталмаған не өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдар) бос болмаған жағдайда аумақтық орган және (немесе) уәкілетті орган бас тартудың негізделген себептерін көрсетіп, өтінім келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінім берушіні (өтінім қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда) хабардар етеді.
Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні тиісті ескертулерді түзеткеннен кейін қайтадан өтінім беру құқығынан айырмайды.
Ұйым аумақтық және (немесе) уәкілетті органнан өтінім келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есептеу рәсімін жүргізіп, оның нәтижесін аумақтық органға және (немесе) уәкілетті органға жібереді.
8. Алдын ала есептеу қорытындысы оң нәтиже берген жағдайда уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесіне (бұдан әрі – Ұлттық кесте) не Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімдеріне сәйкес (бұдан әрі – мүдделі ведомстволар) РЖР келісу рәсімін жүргізеді;
2) кедергісіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында РЖР-тың шекаралас мемлекеттерімен халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізеді. Бұл рәсімді жүргізудің қажеттілігі РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала жүргізілген есептеу нәтижелері бойынша айқындалады. Егер РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есептеу кезінде Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында орнату жоспарланып отырған РЭҚ және ЖЖҚ шекаралас мемлекеттің РЭҚ және ЖЖҚ кедергі келтіретіні анықталған болса, онда шекаралас мемлекеттер арасында жасалған келісімдерге және (немесе) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес халықаралық үйлестіру жүргізу қажет.
9. РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есебінің қорытындысы теріс нәтиже берген жағдайда, сондай-ақ өтінімдегі техникалық деректердің толтырылуы дұрыс емес және (немесе) сенімсіз болған жағдайда аумақтық орган және (немесе) уәкілетті орган Ұйымнан хабарлама келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім берушіні бас тартудың себептерін негіздеп, (өтінім қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда) хабардар етеді.
Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні тиісті ескертулерді түзеткеннен кейін аумақтық органға және (немесе) уәкілетті органға қайтадан өтінім беру құқығынан айырмайды.
10. 8-тармақта көрсетілген рәсімдерді жүргізу қажет болмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Ұйымды Қағидалардың 48 – 53-тармақтарында баяндалған рәсімдерге сәйкес РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ сараптама қорытындысын қолданыстағы және жоспарланған, оның ішінде шекаралас мемлекеттердің РЭҚ және азаматтық мақсаттағы ЖЖҚ-мен (бұдан әрі – ЭМҮ қорытындысы) ресімдеу қажеттілігі туралы ескертеді.
11. Ұйымның ЭМҮ қорытындысын рәсiмдеу мерзiмi Ұйым мен өтінім беруші арасында РЭҚ ЭМҮ есебін жүргізу қызметін көрсету шартына қол қойылғаннан және ақысы төленгеннен кейін келісу рәсімінің оң нәтижесі туралы уәкiлеттi органнан хабарлама келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды. Ұйым ЭМҮ қорытындысының түпнұсқасын өтiнiм берушiге береді немесе жолдайды, уәкiлеттi органға ЭМҮ қорытындысын бергені туралы хабарлайды.
12. Келісу рәсімін жүргізу үшін уәкілетті орган Қорғаныс министрлігіне осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім жібереді.
13. Сұрау салуды қарастыру мерзімі материалдар келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды. Егер өтінім берген радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) келісуге болмайтын болса, Қорғаныс министрлігі және (немесе) мүдделі ведомстволар уәкілетті органға негізделген бас тартуды жазбаша түрде жолдайды.
14. Жиiлiктердi иелiкке беру Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды, қорғанысты, қауiпсiздiктi және құқықтық тәртiпті қорғауды қамтамасыз ету мүддесiне орай байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқа жиiлiктерге көшуiне байланысты залалдарын бiр мезгiлде өтей отырып өзгертiлуi мүмкiн. Бұл ретте шығындарды жиіліктер берілетін пайдасына пайдаланушы өтейді.
15. Көрсетілген мерзім ішінде жазбаша жауап болмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді қарау мерзімінің аяқталғаны туралы хабарлама жолдайды. Қорғаныс министрлігі және (немесе) мүдделі ведомстволар бес жұмыс күні ішінде хабарламаға жауап жолдауға міндетті.
16. Мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде уәкілетті орган беретін, бұрын Қорғаныс министрлігімен келісілген;
2) Ұлттық кестеде «АЗ» санаты ретінде көрсетілген азаматтық пайдаланушылардың РЭҚХ басымды пайдаланылуы үшін арналған;
3) кеме станцияларын – Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентімен бекітілген радиожиілік спектрін пайдалануға кеме станциясының рұқсаты;
4) егер РЭҚ пен ЖЖҚ техникалық параметрлері мен орнатылған орны өзгермесе, бұрын келісілген радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) келісу рәсімдерін жүргізу талап етілмейді.
17. Шекаралас мемлекеттермен жиілікті халықаралық үйлестіру рәсімін өткізу қажет болған кезде уәкілетті орган өтінім берушіні өтінімді қарау мерзімінің ұзартылатыны туралы (өтінім қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда) хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында радиожиіліктер белдеуін (номиналдарды) халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізуді уәкілетті орган шекаралас мемлекеттер арасында жасалған келісімдерге және (немесе) 1988 жылғы 9 желтоқсандағы (Мельбурн қаласы) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі төрт айдан аспайды.
18. Радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімдерін жүргізгеннен кейін уәкілетті орган:
1) нәтиже оң болған жағдайда келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімдерін жүргізу нәтижесі бойынша хабарлама алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұйымға өтінім берілген радиожиілік белдеулеріне (номиналдарына) ЭМҮ қорытындысын ресімдеу үшін хабарлама жолдайды. ЭМҮ қорытындысы осы Қағидалардың 11-тармағында сипатталған рәсімге сәйкес ресімделеді;
2) келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімдерінің нәтижелері теріс болған кезде уәкілетті орган РЖР тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда уәкілетті орган аумақтық органға, Ұйымға және өтінім берушіге бұл туралы (өтінім қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда) хабарлайды.
19. Уәкілетті орган ЭМҮ қорытындысының берілгені туралы хабарлама алғаннан кейін ЭМҮ қорытындысының көшірмесі келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес РЖС пайдалануға рұқсатты ресімдеп, осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес кодтар береді.
РЖС пайдалануға құқықты конкурстық негізде алған жағдайда байланыс операторына аумақты елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме жүкетеледі, бұл ретте РЖС пайдалануға рұқсат осы Қағидадаларға 16-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.
20. Кесімделген РЖС пайдалануға рұқсатты немесе РЖС пайдалануға кеме станциясының рұқсатын (түпнұсқасын) уәкілетті орган www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы қол қойылған күні РЖС пайдаланылатын жердегі аумақтық органға жолдайды.
21. РЖС пайдалануға рұқсатты уәкілетті орган келесі күнтізбелік жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімге береді.
22. РЖС пайдалану үшін берілген рұқсатты тиісті аумақтық орган жыл сайын, өтініш беруші РЖС пайдалануға мемлекеттік бюджетке жылдық төлемінің бірінші бөлігін төлегенін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін келесі күнтізбелік жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімін көрсетіп ұзартады. Ұзарту туралы жазба аумақтық орган бастығының қолымен және мөрімен расталады. Егер РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) ресімделген болса, ол аумақтық орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.
РЖС пайдалануға рұқсатты ұзартудан:
1) радиожиілік спектрін үш тоқсан пайдаланғаны үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке дер кезінде төленбеген жағдайда;
2) аумақтық орган жүргізетін радиожиілік спектрі мониторингінің нәтижелерімен расталатын радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) жыл бойы пайдаланбаған, сондай-ақ белгіленген уақытта аумақтық органда радиожиілік белдеулерінде (номиналдарында) жұмыс істейтін РЭҚ және ЖЖҚ, пайдалануға енгізудің актісі болмаған жағдайда;
3) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес Қорғаныс министрлігі жиіліктерді иелікке беруді өзгерту жөнінде шешім қабылдаған жағдайда бас тартылады.
23. РЖС пайдалануға рұқсатты немесе РЖС пайдалануға кеме станциясының рұқсатын алған аумақтық орган оларды алған сәттен бастап үш күндік мерзімде тіркейді, өтініш берушіге хабарлайды, сондай-ақ РЖС пайдалануға төлем сомасын көрсетіп (жылдың қалған мерзіміне) белгіленген үлгідегі РЖС пайдалануға мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеуге хабарлама жазады және табыстайды. РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеу өтініш берушінің тіркелген орны бойынша жүргізіледі.
24. Егер өтініш беруші өтінімді қағаз тасығышта ұсынған болса, www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы ресімделген РЖС пайдалануға рұқсат иесіне немесе өтініш берушіге (не РЖС рұқсатын алу құқығына сенімхат бойынша оның өкіліне) және ұсынылған хабарламаға сәйкес РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін беріледі.
РЖС пайдалануға қол қойылған рұқсат және РЖС пайдалануға кеме станциясының рұқсаты www.elicense.kz интернет-ресурсына келіп түскеннен кейін өтініш беруші аумақтық органнан мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеуге хабарлама алады және ұсынылған хабарламаға сәйкес РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
25. Көрмелер, спорттық жарыстар, ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыстарды, сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге өзге де іс-шараларды өткізу кезеңіне уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы РЖС үшін радиожиіліктер белдеулерін (номиналдарын) келісу рәсімдерін жұмыс тәртібімен, кейіннен құжаттамалық растау арқылы жедел жүзеге асырады. Мұндай жағдайда уәкілетті орган осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес өтініш беруші көрсеткен мерзімге РЖС пайдалануға уақытша рұқсат береді.
26. Радиожиіліктер белдеулерін (номиналдарды) бірлесіп пайдалануға тек РЖР-дің негізгі пайдаланушысының жазбаша келісімімен және өндірістік мақсатта ғана пайдалану үшін рұқсат етіледі. РЖР әрбір пайдаланушыға РЖС-ін пайдалануға жеке рұқсат ресімделеді.
27. РЖС-ін бірлесіп пайдаланған жағдайда мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеуді әрбір пайдаланушы тең шарттарда жеке жүргізеді. РЖС пайдалануға рұқсатты бірінші алған пайдаланушы негізгі пайдаланушы болып саналады.
28. Егер РЭҚ және ЖЖҚ техникалық параметрлері мен тағайындалуы өзгермеген болса, мынадай жағдайларда келісу рәсімін өткізбей, РЖС пайдалануға рұқсат қайта ресімделеді:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы өзгерген;
2) егер заңды тұлға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагері болып табылған;
3) РЖС пайдалану рұқсат лицензияның ажырамас бөлігі болып табылатын байланыс саласындағы қызметке лицензия алған (және/немесе қайта ресімдеген);
4) РЖС пайдалану үшін ұзарту жолдары аяқталған болса (егер РЖС-ін пайдалануға рұқсат алдында қағаз түрінде алынған жағдайда).
29. Қалған жағдайларда РЖС пайдалануға рұқсат қайта ресімделмейді және РЖС пайдалануға рұқсат алу рәсімі қайтадан өткізілуі тиіс.
30. РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу, оның күшін жою және телнұсқасын алу үшін өтінім беруші аумақтық органға қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынады.
Өтінім қағаз және электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, Ұйым қызметкерлері өтінімді www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган қызметкері ұсынуы үшін өңдейді. Уәкілетті орган, аумақтық орган мен Ұйым арасындағы кейінгі өзара іс-қимыл www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды алған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық орган оларды одан әрі РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу, күшін жою немесе телнұсқасын алу үшін уәкілетті органға жолдайды.
Уәкілетті орган аумақтық органнан өтінім келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдейді, күшін жояды және телнұсқасын береді.
31. РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу үшін өтініш беруші мынадай құжаттар ұсынады:
1) өтініш;
2) түсіндірме жазба;
3) РЖС пайдалануға рұқсаттың түпнұсқасы. РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) алынған болса, аталған құжаттың қажеті жоқ;
4) ЭМҮ қорытындысының көшірмесі. РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) алынған болса, аталған құжаттың қажеті жоқ;
5) РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжат;
6) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мұрагерлікті растайтын құжат.
32. РЖС пайдалануға рұқсат жоғалған жағдайда, оның телнұсқасы беріледі, бұл ретте өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжат.
33. Пайдаланушы РЖС пайдаланудан бас тартқан жағдайда, РЖС пайдаланушы аумақтық органға РЖС пайдалануға рұқсаттың күшін жою үшін мынадай құжаттарды қағаз және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынады:
1) бас тарту себептері көрсетілген өтініш;
2) РЖС пайдалануға рұқсаттың түпнұсқасы. РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) алынған болса, аталған құжаттың қажеті жоқ;
3) күшін жойған кезге дейін РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжат;
4) РЭҚ пайдалану құқығына рұқсат бар болған жағдайда демонтаждау актісі.
Өтінім қағаз және электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, Ұйым қызметкерлері өтінімді кейіннен www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган ұсынуы үшін өңдейді. Уәкілетті орган, аумақтық орган мен Ұйым арасындағы кейінгі өзара іс-қимыл www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.
34. РЖС пайдалануға рұқсат мынадай жағдайларда күшін жою үшін алынады:
1) радиожиілік спектрі пайдаланылған үш тоқсан үшін мемлекеттік бюджетке төлем уақтылы төленбеген жағдайда;
2) аумақтық орган жүргізетін радиожиілік спектрі мониторингінің нәтижелерімен расталатын радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) жыл бойы пайдаланбаған, сондай-ақ белгіленген уақытта аумақтық органда радиожиілік белдеулерінде (номиналдарында) жұмыс істейтін РЭҚ және ЖЖҚ, пайдалануға енгізу актісі болмаған жағдайда;
3) РЖС пайдалануға рұқсат берілген күнінен бастап үш ай ішінде өтініш беруші РЖС пайдалануға рұқсатты талап етпеген жағдайда.
35. РЖР пайдаланушының өзіне бекітілген радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) уақытша немесе тұрақты пайдалануға басқа пайдаланушыларға беруіне тыйым салынады.
36. Пайдаланудан бас тартылған және күші жойылған жиіліктерді қайтадан иелікке беруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру тәртібі
37. Телевизиялық немесе радио хабарларын тарату ұйымдары (бұдан әрі – өтініш беруші) телерадио тарату мақсатында жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру бойынша өткізілетін конкурс нәтижелері бойынша айқындалатын телевизия және (немесе) радиохабар тарату құқығын алғаннан кейін РЖС пайдалану орны бойынша аумақтық органға РЖС пайдалануға рұқсат ресімдеу үшін өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынады.
Өтінім қағаз және электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, Ұйым қызметкерлері өтінімді www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган ұсынуы үшін өңдейді. Уәкілетті орган, аумақтық орган және Ұйым арасындағы кейінгі өзара іс-қимыл www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.
38. Өтінім мынадай құжаттардан тұрады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) сұралып отырған жиіліктер белдеулерінің негіздемесі келтірілетін, жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптың) мақсаты мен сипаты, пайдалануға жоспарланған РЭҚ техникалық көрсеткіштері, байланысты ұйымдастыру сызбасы бар егжей-тегжейлі баяндалатын түсіндірме жазбахат;
3) осы Қағидаларға 8 және/немесе 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тиісті тарату түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ-қа арналып толтырылған сауалнама.
39. Өтінішті аумақтық орган оны тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарастырады және уәкілетті органға жолдайды.
Өтініш толық жинақталғанда, аумақтық орган бас тартудың негізделген себептерін көрсетіп, өтініш берушіге өтініш келіп түскен сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде (өтініш беруші өтінімді қағаз тасығышта ұсынған жағдайда) хабарлайды.
Өтінішті қайтадан ұсынған жағдайда, оны қарастыру мерзімі жаңартылады.
40. Уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарастырады және ЭМҮ қорытындысын алу үшін Ұйымға жолданады.
41. ЭМҮ қорытындысын Ұйыммен ресiмдеу мерзiмi РЭҚ ЭМҮ шартына қол қою және ақысын төлеу мерзімін есепке алмағанда, он жұмыс күнінен аспайды. Ұйым ЭМҮ қорытындысының түпнұсқасын өтiнiш берушiге береді немесе жолдайды, сондай-ақ уәкiлеттi органға ЭМҮ қорытындысын бергені туралы хабарлайды.
42. Уәкілетті орган ЭМҮ қорытындысын алғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беруді жүзеге асырады және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес өтінім келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде РЖС пайдалануға сәйкес рұқсатты ресімдейді.
43. Жиілік номиналдары және/немесе РЭҚ техникалық параметрлері өзгерген жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті орган:
1) Қорғаныс министрлігімен РЖС келісу рәсімін жүргізеді;
2) кедергісіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында РЖС-тың шекаралас мемлекеттермен халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізеді, оны жүргізудің қажеттілігі РЭҚ ЭМҮ алдын ала жүргізілген есептеу бойынша айқындалады.
РЖС-тың шекаралас мемлекеттермен халықаралық үйлестіруді жүргізген кезде уәкілетті орган өтініш білдірушіге өтінішті қарастыру мерзімі ұзартылғаны туралы алдын ала хабарлама (өтініш беруші өтінімді қағаз тасығышта ұсынған жағдайда) жібереді.
РЖС-ты Қорғаныс министрлігімен келісу және РЖС-ты шекаралас мемлекеттермен халықаралық үйлестіруді жүргізу қорытындылары бойынша уәкілетті орган РЖС пайдалануға рұқсатты ресімдейді. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша уәкілетті орган РЖС пайдалануға рұқсат беруден бас тартады.
44. РЖС пайдалану үшін ресімделген рұқсатты уәкілетті орган РЖС пайдалану орны бойынша аумақтық органға www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы қол қойылған күні жолдайды.
45. Егер өтініш беруші өтінімді қағаз тасығышта ұсынған болса, www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы ресімделген РЖС пайдалануға рұқсат иесіне не өтінім берушіге (немесе сенімхат бойынша өкіліне), сондай-ақ ол РЖС рұқсат алу құқығына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес РЖС пайдалану рұқсатын алу үшін алым немесе РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төленген төлемді растайтын құжатты ұсынғаннан кейін беріледі.
Егер, РЖС пайдалану үшін рұқсат электрондық түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) ресімделген жағдайда, өтініш беруші аумақтық органнан мемлекеттік бюджетке төленетін төлем хабарламасын алып, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес РЖС пайдалану рұқсатын алу үшін алым немесе РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төленген төлемді растайтын құжатты ұсынады.
46. РЖС пайдалану үшін рұқсат келесі күнтізбелік жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімге беріледі.
47. РЖС пайдалану үшін берілген рұқсат РЖС пайдалану орны бойынша тиісті аумақтық бөлімшеде өтініш беруші РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке жылдық төлемінің бірінші бөлігін төлегендігін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін келесі күнтізбелік жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімі көрсетіліп ұзартылады. РЖС пайдалануға рұқсат аумақтық бөлімше бастығының қолымен және мөрімен расталады. Егер РЭҚ пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) ресімделген болса, ол аумақтық орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.
48. РЖС пайдалану үшін рұқсат келісу рәсімін жүргізбей, егер РЭҚ техникалық параметрлері өзгермесе, мынадай жағдайларда қайта ресімделеді:
1) жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы өзгергенде;
2) егер заңды тұлға қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагері болса;
3) РЖС пайдалану үшін рұқсат лицензияның ажырамас бөлігі болып табылатындықтан, телерадио хабар тарату саласында қызмет көрсету лицензия қайта рәсімделсе;
4) РЖС пайдалану үшін рұқсатта мерзімді ұзартудың барлық жолдары толтырылған болса.
Пайдаланушы РЖС пайдаланудан бас тартқан жағдайда, РЖС пайдаланушы аумақтық органға РЖС пайдалануға рұқсаттың күшін жою үшін мынадай құжаттарды қағаз және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынады.
1) бас тарту себептері көрсетілген өтініш;
2) РЖС пайдалануға рұқсаттың түпнұсқасы. РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) алынған болса, көрсетілген құжаттың қажеті жоқ;
3) күшін жойған кезге дейін РЖС пайдалану рұқсатын алу үшін алым немесе РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төленген төлемді растайтын құжат;
4) РЭҚ пайдалану құқығына рұқсат бар болған жағдайда бөлшектеу актісі.
49. РЖС пайдалану үшін рұқсат жоғалған, бүлінген немесе жойылған жағдайда, өтініш беруші тиісті аумақтық органға телнұсқа беруге жазбаша өтініш береді. РЖС пайдалану үшін рұқсаттың телнұсқасын «телнұсқа» деген белгімен уәкілетті орган береді.
50. Қызметін аналогтық сигнал арқылы жүргізетін телевизиялық және радио хабар тарату ұйымдары бұрын берілген РЖС пайдалану үшін рұқсатты қайта ресімдегенде бұрын алынған рұқсаттың (телнұсқасын) алған кезде Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес телевизиялық және радио хабар тарату ұйымдарына РЖС пайдалану рұқсатын алу үшін алымды немесе РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлемді төлейді.
51. Қызметін цифрлық эфирлі телерадиохабар тарату арқылы жүргізетін телевизиялық және радио хабар тарату ұйымдары Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлем төлейді.
52. РЖС пайдалануға рұқсатты алғаннан кейін өтініш беруші осы Қағидалардың 53 – 63-тармақтарында баяндалған рәсімге сәйкес РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алуы қажет.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану
53. РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алу үшін өтінім беруші тиісті аумақтық органға (РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану орны бойынша) РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға өтінімді (теңіз кемелеріне орнатылған теңіз РЭҚ-тан немесе ЖЖҚ-дан басқа) қағаз және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынуы тиіс. Өтінім қағаз және электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, Ұйым қызметкерлері өтінімді кейіннен www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган ұсынуы үшін өңдейді.
РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алуға осы Қағидаларға 18-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес РЭҚ және ЖЖҚ жатады. РЭҚ және ЖЖҚ-ны пайдалануға РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсатсыз тыйым салынады.
27 МГц диапазонындағы РЭҚ пен қуаты екі ватқа дейінгі шағын қуатты РЭҚ-ты такси