«Әкем халқым десе жанын беруге әзір тұратын тұлға еді. Ол ақтық демі қалғанша киелі сөз өнерінің киесін кетірмеуге, тұнығын лайламауға бар күшін сарп етті. Бұл әкеме ғана емес, бүтін қазақ руханиятына жасалған айрықша құрмет деп білемін», - дейді Алма Шерханқызы.
Ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қаламдастары Шерағаңның өткір мінез-құлқы, ұлтқа жасаған ұланғайыр еңбегі, кейінгіге мұра болып қалатын шығармалары туралы сыр шертіп, әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Еске салсақ, Алматы төрінде кешелі бері марқұмның өмірден озғанына бір жыл толуына орай қайраткер-қаламгерді еске алуға арналған түрлі іс-шаралар тізбегі ұйымдастырылуда.
Кеше шаһарда БАҚ өкілдері арасында бильярдтан Шерхан Мұртаза атындағы дәстүрлі турнир мәреге жеткен болатын.
АЛМАТЫ