«Бүгін менің Qazaq kuresi федерациясына басшы болып келгеніме 6 жыл толып отыр. Біздің кезекті есеп беру конференциямызда Дәурен Әскербекұлы Абаев Qazaq kuresi ұлттық федерациясының президенті болып сайланды. Дәурен Абаевтың Ақпарат және қоғамдық даму министрі бола отырып, ал оған дейін Елбасы баспасөз қызметінде жұмыс істей жүріп біздің жобаларымызды іске асыруға көп көмегі тиген», - деді федерацияның бұрынғы басшысы Арман Шураев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол жаңа басшының қоластында Qazaq kuresi ұлттық федерациясы өркендей беретініне сенім білдірді.