Қазақстан • 05 Қазан, 2019

СІМ ресми өкілі "2019 жылдың үздік баспасөз хатшысы" атанды

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2019 жылдың үздік баспасөз хатшысы атанды.

СІМ ресми өкілі "2019 жылдың үздік баспасөз хатшысы" атанды

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен PR және байланыстарды дамыту мәселелері жөніндегі «International PR Forum Astana» жыл сайынғы конференциясы аясында журналистердің тәуелсіз дауыс беру нәтижесінде СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров "2019 жылдың үздік баспасөз хатшысы" атанды. 

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы істер министрлігі өзінің күнделікті қызметінің ашықтығы мен айқындығына үлкен көңіл бөледі.

«Жұмысымыздың ерекшелігіне, сондай-ақ, басқа елдермен уақыт айырмашылығына қарамастан әрқашан ақпарат толқынында болып, БАҚ өкілдерімен тікелей және тұрақты байланыс арқылы өзекті ақпарат беріп отыруға тырысамыз» деп хабарлайды  Сыртқы істер министрлігі баспасөз бөлімі.