Экология • 05 Қазан, 2019

Болай тауының баурайына Шренка шыршасының 50 мың түп көшеті отырғызылды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тауларында эстрада жұлдыздары мен мегаполис әкімінің қатысуымен Jasyl Almaty акциясы өтті.

Болай тауының баурайына Шренка шыршасының 50 мың түп көшеті отырғызылды

Көгалдандыру науқанына қоғамдық ұйымдар, еріктілер мен жастар қатысты.

«Бүгін Мохнатка тауының баурайында Шренка шыршасының 50 мың түп көшетін отырғызамыз. Бұл арқылы біз жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, қоршаған ортаны аялауға баулимыз» деп жазды Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасына.

Бұл шыршалар бой алып, тамыры тереңдегенше арнайы мамандардың күтімінде болады. Ұйымдастырушылар, осылайша, алып Алатаудың бөктерін қалың орманға айналдыруды мақсат етіп отыр. 

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025