Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанда өткен ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында мәлім етті. Салтанатты шараға өңірдің 400-ден астам білім беру саласының өкілдері қатысты. Ұрпақ тәрбиелеуде талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Мерекелеріңізбен, ұлағатты ұстаздар!» атты шараның шымылдығы «Абай өсиеті» театрлық көрінісімен ашылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ұстаздар қауымына өз алғысын білдіріп, мерекесімен құттықтады. Тұлға болып қалыптасуға ықпал еткен мектеп мұғалімдерін еске алып, оларға деген жылы лебізін білдірді. Елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала майталмандары Түркістан облысы әкімінің құрмет грамотасымен, алғыс хатымен марапатталды. Ал ардагер ұстаздарға облыс әкімінің атынан арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтары ұсынылды. Сондай-ақ «Жастар жылына» орай өткен «Үздік жас мұғалім-2019» облыстық байқауының жеңімпаздарына да марапаттар табыс етілді.
Бүгінде облыста 60 мыңға жуық педагог еңбек етіп келеді. Былтыр өңірдің 150-ге жуық оқушысы халықаралық және республикалық деңгейдегі білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болды. Ал жақында өткен «Үздік педагог-2019» республикалық байқауына облыстан 9 ұстаз қатысып, үшеуі білім сайысының озығы атанды. Салтанатты рәсім концерттік бағдарламамен және театрландырылған қойылымдармен жалғасты.
Түркістан облысы