Қазақстан • 07 Қазан, 2019

Елімізде баспана құрылысы жыл сайын 10 пайызға артады

56 реткөрсетілді

Жаңа тұрғын үйді іске қосу көлемін жыл сайын 8-10 пайызға арттыру жоспарланған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2030 жылға қарай бір тұрғынды 30 шаршы метрге дейін баспанамен қамтамасыз ету аясында жаңа тұрғын үйді іске қосу көлемін жыл сайын 8-10 пайызға арттыру күтіліп отыр», - деді министр Парламент Мәжілісінде «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған Үкімет сағатында.

Белгілі болғандай, 2018 жылы халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 1 тұрғынға шаққанда 21,8 шаршы метр болды.

«Алайда, тұрғын үй қорының көлемі артқанына қарамастан, қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің колжетімділігі әлі де болса өзекті болып отыр. Ең алдымен бұл халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін де өзекті мәселе. Ағымдағы жылы 13,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 118 мың тұрғынжай салынады. Мемлекеттік инвестиция есебінен 1,7 млн шаршы метр пайдалануға беріледі, бұл 30 мыңнан астам мұқтаж азаматты өз тұрғын үймен қамтамасыз ететін болады», - деді Б. Атамқұлов.

Оның айтуынша, биылдың басынан бастап (қаңтар-тамыз) қаржыландырудың барлық көздері есебінен 7,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар