Спорт • 07 Қазан, 2019

Маңғыстауда қайырымдылық марафоны өткізілді

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобасының аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Адал жүрек» қайырымдылық марафоны өткізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.

Маңғыстауда қайырымдылық марафоны өткізілді

Шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, бокстан әлем чемпионы Б.Нұрдәулетов, мемлекеттік қызметшілер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, студент жастар, Департамент басшысының орынбасары Б. Махмұд және қызметкерлері қатысты.

Шара аясында сағат 10.00-ден Ақтау қаласының «I love Aktau» инсталяциясынан бастап Амфитеатрға дейін 2400 метрге жүгірді. Әрбір қатысушы марафонның басталуы алдында ерікті түрде қайырымдылық шарасын төледі.

Мәре сызығына бірінші болып жеткен жеңімпаздар әлем чемпионы Бекзад Нұрдаулетов қолынан кубок және дипломдармен марапатталды.

Шара соңында жаңаөзендік бүлдіршін Дамир Әлімжан анасы көмек қолын созған барлық жандарға алғысын білдірді.