Спорт • 07 Қазан, 2019

Алматыда жағажай волейболынан студенттік лига ойындары аяқталды

59 реткөрсетілді

Алматы қаласында жағажай волейболынан чемпионат мәреге жетті. Оңтүстік астанадағы жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырылған сайыста Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құралған команда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды оқу орнының ресми өкілі Жандар Асан.

Оның ақпаратына сүйенер болсақ, аталған спорт түрінен өткен студенттік лига ойындарында 12 жоғары оқу орнының спортшылары баптары мен бақтарын сынаған.

«Олимпиадалық ереже бойынша жүргізілген жарыстың іріктеу кезеңінде Қыздар университетінің құрамасы қарсыластарына есе жібермей жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда оқу орнының командасы Қазақ спорт және туризм академиясының волейболшыларымен кездесті. Тартысты өткен ойында педагогикалық университеттің бойжеткендерінің асығы алшысынан түсіп, 1:2 есеп нәтижесімен жеңіске жетті», – деп атап өтті Жандар Асан.

Финалда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің спортшылары өзара мықтыны анықтады. Алтын медаль үшін өткен ойында арулар ордасының волейволшыларының айы оңынан туып, жеңіс тұғырына көтерілді. Есеп – 2:1, 5:4, 15:10, 16:14.

«Айта кетейік, Қыздар университетінің құрама командасын жарысқа Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, волейболдан ҚР спорт шебері Сәуле Нұрпейісова дайындады. Бұл жағажай волейболынан педагогикалық білім ордасының ең ірі жетістіктерінің бірі екендігін атап өткен жөн», – дейді оқу орнының ресми өкілі.

Соңғы жаңалықтар

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар