Аймақтар • 07 Қазан, 2019

Мұнайлы ауданында 35 кәсіпкерге қолдау бағытында 192,0 млн теңге көлемінде несие берілді

186 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мәлімдеді.

Мұнайлы ауданында 35 кәсіпкерге қолдау бағытында 192,0 млн теңге көлемінде несие берілді

- Кәсіпкерлерді қолдау бағытында Атамекен МКҰ арқылы 8 адамға, 80,0 млн теңге көлемінде, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 27 адамға 112,0 млн теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді. Көрсеткіш өткен жылы, яғни 01.09.2018 жылы 31 адамға 124,7 млн теңге болған еді.

Кәсіпкерлік саласы бағытында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 21 жобаға 149,9 млн теңге кепілдендіру берілді, субсидиялау бойынша 29 жобаға 1 млрд 39 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 01.09.2018 жыл жағдайына кепілдендіру 15 жоба 154,4 млн теңге болды.

«Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданынан барлығы несие соммасы 1 млрд 148,7 млн теңгені құрайтын 66 жоба мақұлданды, жалпы 2019 жылғы мақұлданған - 19 жоба.

Ауданда 2019 жылы 1208 жұмыс орны ашылатын 48 жеке инвестициялық жобаның ішінде 26-і іске қосылып, 674 жұмыс орны құрылды деді аудан әкімі Р.Елтизаров.      

Бүгінде облыс бойынша халқының саны ең көп болып саналатын Мұнайлы ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға бағытталып отыр. Мұнайлы ауданының халқының саны 167,6 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,5 мың адамға көбейген (01.09.2018ж.- 157,1 мың адам).

Рахат Тезекбайұлының айтуынша, «2019 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп кәсіпорындары 39 333,8 млн теңге көлемінде өнім өндірген (01.09.2018ж. – 36 820,4 млн теңге). Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 2 513,4 млн теңгеге өскен.

Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша 3 124,9 млн теңгені құрады (01.09.2018ж – 4 424,5 млн.теңге).

Жалпы көлемі 163,2 мың ш.м. тұрғын үйлер іске қосылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,2 мың шаршы метрге көбейіп отыр.

- 2018-2019 жылдары Маңғыстау ауылынан 24 пәтерлік 7 үйдің және Батыр ауылдық округінен 4 пәтерлік 26 үйдің құрылысы аяқталып, 272 азаматқа пәтер бөлініп (2019 жылдың 6 айында 129 адамға берілді), кілттері табысталды.

Аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 24 пәтерлік 12 үйдің барлығы - 288 несиелік пәтер құрылысы салынып, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы барлығы 281 пәтер сатылымға жіберілді. Сатылым соммасы 1 505,3 млн теңге. Қалған 7 пәтер 2019 жылдың соңына дейін сатылу жоспарлануда.

Бұдан басқа, Маңғыстау ауылында 4 қабатты 24 пәтерлік 30 үйдің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде және Батыр ауылдық округінде 4 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. Осы жобалар дайындалып, қаржыландырылып, құрылысы жүргізілген жағдайда тұрғын үй кезектілігін азайтуға септігін тигізеді деп мәлімдеді Р. Елтизаров.

Маңғыстау облысы