Аймақтар • 07 Қазан, 2019

Ақтауда корей фестивалі өтті

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда өткен фестиваль аясында «Kinoplexx - Aktau» кинотеатрында «Гангстер Шаман» комедиясы және «Читающий лица» тарихи драмасы сынды екі толық метражды фильм көрермендерге ұсынылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ақпараттық-ресурстық орталығы хабарлады.

Ақтауда корей фестивалі өтті

Фестивальдің ашылу салтанатында фильм көруге келген Корей өкілдігінің 65 - 86 жас аралығындағы ересектерінен бастап қала жастары алдымен «Хает» би ансамблінің корей ұлттық биін және Абай атындағы мәдениет үйінің «DIFaMILY CREW» тобының хип-хоп өнерін тамашалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы Корей республикасы Елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығының директоры  Ли Херан ханым барша фильм көруге келген көрермендерді кинофестивальдің ашылуымен құттықтай отырып, осындай іс-шара екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан әрі жақындай түсуіне мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ол «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Маденова Раисаға және тағылымды шараларға ұйытқы болып жүрген Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Исмурзина Гүлжан Мақсұтқызына алғысын білдірді. Корей фильмдеріне қызығушылық танытып келген қонақтардың саны өте көп. Фильмде сатқындық, алдау, арбау, адамның ар-намысы бейнеленеді.

 

Маңғыстау облысы