Руханият • 07 Қазан, 2019

Республикалық букроссинг кітап алмасуға шақырады

730 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақ: «Өлтіретін молда, өлмейтін кітап бар» дейді екен.

Бала кезімізден әлемдегі ең үлкен кітапхана Отырар мен Александрия кітапханалары туралы есітіп өстік.   Отырар кітапханасының рухы деген сеніммен көзіміздің нұрын    кітапқа шомылдырдық. Көзілдірікпен    ерте табыстық.

Республикалық букроссинг кітап алмасуға шақырады

«Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай дүниежүзіндегі ең үлкен кітапхана болып келген екен» деген деген деректер тарих қалтарысында қалды.  Біз көрмеген  Отырар кітапханасының жерден шығып қалған белгілерін – теріге жазылған, терімен оралған қол жазбалардың шашылып, үгітіліп, күлге айналып кеткен   кеткен қиындыларын аталарымыз көріпті.    

Балалық шағы Отырар –Түркістанда өткен, 1970 жылдары 100-ге жақындап  қайтыс болған нағашы атамыз 1920-1930 жылдары Отырар даласын игеру басталған  екі метр тереңдіктен  терімен қапталған қолжазбалар шығатынын     беріге дейін айтып отыратын.  

        Елімізде 1930 жылдары 290 бұқаралық кітапхана болса, 1939 жылы олардың саны 3304-ке жеткен. Кітапханалардың саны неге бұлай күрт артқанын өзіңіз де түсіне беріңіз. Яғни, рухани азық беретін кітаптар адамзатты тәрбиелеудің басты құралы екенін білгендіктен осындай әрекетке барған сыңайлы.  Оны күшпен мойын бұрғыза алмайсың. Ақпараттың қол жетімділігі, ғаламтор энциклопедиялық жан азықты ғана      қанағат тұтатын ұрпақты қалыптастырды. Қазір кітап пен оқырманды  табыстырудың миллион түрлі мүмкіндігі бар. Марқұм болып кеткен жазушыларымыздың көздерінің қарашығындай болып сақталып келген кітаптар қоры көпшілікке арналған қітапханаларға өтті.        

  Алматы, Астана, Шымкент сияқты ірі мегаполистердегі ойын –сауық орталықтарда кітап көрмелері ұйымдастырыла бастады. Сондай орындардың бірі   республикалық букроссинг шарасы негізінде Алматы қаласының ойын-сауық орталықтарының бірінде арнайы кітап сөресі бой көтерді.

 «Social Development Center» әлеуметтік қорының атқарушы директоры Біржан Қазтұрғанов журналистермен кездескен кезде бұл әлемдік өркениетте қалыптасқан дәстүр болса да елімізде дамымай оытрғанын айтты.

«Букроссинг» жобасы осы бағытта қолға алынып отыр. Демек оқырман шкафта тұрған кітаптарды қайтарымсыз алып кетпей, оның орнына басқа оқулық алып келуі қажет. Болмаса оқып біткеннен кейін орнына қою керек деген ережелерді әр кітаптың мұқабасына түсінікті етіп жазып қоямыз», дейді Біржан Қазтұрғанов. 

Соның арқасында кез келген оқырман мұндағы өзін қызықтырған еңбекті алып кете алады.

Бірақ оның орнына не басқа кітап қоюы қажет, не болмаса оқып бітіргеннен соң қайта орнына әкелуі тиіс. Шараның мақсаты да осы. «Осылайша елімізде кітап алмасу мәдениеті артады»,- дейді ұйымдастырушылар.

Шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамалар орталығының» гранттық қаржыландырылуы есебінен жүзеге асты. Қазірдің өзінде Алматыда осындай сөренің 9-ы орнатылса, елорда мен Шымкентте бес бестен бар. Олар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, «Жібек Жолы» метро стансасында орналастырылған. Әлеуметтік жоба аясында биылғы жылдың аяғына дейін кітап сөрелерін елдің 17 қаласында орнату жоспарда бар.  

Демек әрекет бар. ЕНДІ қолдау керек.    

Гүлбаршын Айтжанбайқызы,

 «Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ