Аймақтар • 07 Қазан, 2019

Жаңа экономикалық аймақ үш мыңдай жұмыс орнын ашады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласында Qyzyljar арнайы экономикалық аймағының ашылғанын өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Жаңа экономикалық аймақ үш мыңдай жұмыс орнын ашады

«Қымбатты достар, сіздерге жағымды жаңалық жеткізгім келіп отыр. Бүгін Үкімет «Qyzyljar» арнаулы экономикалық аймағын құру жөнінде Қаулы қабылдады. Бұл Солтүстік Қазақстан үшін маңызды жаңалық. АЭА осы заманғы, экспортқа бағдарланған өнімдер шығарылатын болады. Барлығы үш мыңдай жаңа жұмыс орындадары ашылады деп күтілуде. Оның қызметі жиырма бес жылға созылып, 1,5 триллион теңгенің өнімін шығаратын болады», деді Құмар Ақсақалов.

         Сонымен қатар әкім бұл Қазақстан мен Ресей шекаралық аумағында ашылып отырған алғашқы экономикалық аймақ екенін айта келіп, онда азық түлік өнімдері шығарылып және өңделетінін, құрылыс материалдары, жиһаздар, электроника және масина жасау өнімдері жасалатынын атап өткен. «Бизнеске барлық жағдай жасалып, салықтық жеңілдіктер беріледі. Мемлекет барлық инфрақұрылымдарды жасау міндетін өз мойнына алады» делінген мәлімдемеде. «Сондықтан да біз өзіміздің елдің және шетелдердің инвесторлары бұған қызығушылық танытар деген үміттеміз» дейді Құмар Ақсақалов.