Президент • 07 Қазан, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария вице-президентімен кездесті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгария Республикасының вице-президенті Илиана Йотова жұмыс сапарымен Қазақстанда жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария вице-президентімен кездесті

«Бүгін Болгария Республикасының вице-президенті Илиана Йотованың Қазақстанға екі күндік жұмыс сапары басталды. Болгарияның вице-президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқы Ассемблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен келіссөз өткізді. Сонымен қатар, ертең Болгария вице-президенті Павлодар қаласына іссапармен барады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров тілшілерге арналған брифинг барысында.

Илиана Йотова Павлодарға барып, облыс және қала басшыларымен, болгар диаспорасымен кездесуді жоспарлап отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Бүгін, 20:44