Қазақстан • 08 Қазан, 2019

Күзгі сессияға қатысты

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Төлеубек Мұқашев бастаған қазақстандық делегация Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Марракеште (Марроко) өткен күзгі сессиясына қатысты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Күзгі сессияға қатысты

57 елдің парламентшілері қатысқан Ассамблея сессиясының негізгі тақырыбы Жерорта теңізі аймағындағы қауіпсіздікті күшейту жолдарын, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен ЕҚЫҰ кеңістігіндегі экологиялық көші-қон мәселелерін талқылауға арналды.

Т.Мұқашев шараға қатысушыларға «Дін немесе сенім негізіндегі төзбеушілікпен және кемсітушілікпен күрес» үшінші сессиясы аясында төзімділік пен жаһандық дінаралық үнқатысуды ілгерілету жөніндегі отандық тәжірибені таныстырды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін шақыру жөніндегі бастамасын және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың белгілеген бағытын жалғастыратынын атап өтіп, сенатор радикализмге төзбеушілік пен онымен күрестің салдарын болдырмау жөніндегі жүйелі және алдын ала атқарылатын шараларға тоқталды. Т.Мұқашев өз сөзінде терроризмнің ортақ анықтамасын жасау, террористік және экстремистік ұйымдардың, халықаралық қылмыстық топтардың бірыңғай тізімін қалыптастыру туралы Елбасының ұсынысын ерекше атап өтті.

Ассамблея аясында сенаторлар Т.Мұқашев пен Ғ.Дүйсембаев ЕҚЫҰ ПА төрағасы Георгий Церетелимен, Мароккодағы Көші-қон халықаралық ұйымы бюросы директорының орынбасары Тереза Ботелламен, америкалық сенатор Роджер Уикермен және Мысыр, Марокко, Ресей, Тәжікстан және Түркияның депутаттарымен бірқатар кездесу өткізді. Кездесу барысында Ассамблеяның күн тәртібі, сондай-ақ биоалуантүрлілік пен экология мәселелеріне қатысты пікір алмасу болды.