Аймақтар • 08 Қазан, 2019

Тәртіп сақшылары тәлім көрсетті

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарттарды қолдауға арналған айлықтың шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті түрлі іс-шаралар өткізді. Соның ішінде 7 миллион теңгеден астам бір күндік еңбекаларын Ардагерлер кеңесі қорына аударды.

Тәртіп сақшылары тәлім көрсетті

Полиция қызметінің 200-ден астам бұрынғы қызметкерлерінің жасы 70-тен асқан. Олардың әрқайсысына материалдық көмек көрсетілді. Мерекелік дастарқан жайылып, концерт ұйымдастырды. «Бұрынғы әріптестермен кездесу және жұмыс жылдары туралы жылы естеліктер-жастық шаққа қайта оралуға мүмкіндік берді, бұл ең тамаша сыйлық. Осындай кездесулер бойымызға қуат, жанымызға серпіліс сыйлайды»,- деп алған әсерімен бөлісті ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Ермек Талғарбаев.

Марапаттау рәсімі де ардагерлерді ерекше көңіл-күйге бөледі. Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев қызмет өткеру кезінде жоғары кәсібилікті көрсетіп, қазіргі уақытта да полиция ведомствосының өміріне белсенді қатысып жүрген зейнеткерлерге медальдар мен грамоталар табыстады. Марат Сағынтаев аға ұрпақтың еңбекқорлығы мен өмірлік ұстанымдары қазіргі полицейлерге бағыт-бағдар беретінін атап өтті.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан Облысы Полиция департаменті есебінде 2086 зейнеткер тұр. Оның 5-уі Ұлы Отан соғысының ардагері, 28 тыл еңбеккері мен төртеуі майдангерлердің жесірі.