Руханият • 08 Қазан, 2019

«Ізгілік елшісі» жобасының тұсауы Алматыда кесілді

515 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда «Ізгілік елшісі» деген атпен басталған іс-шараның мақсаты – мұқтаж азаматтар мен жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созу. Жомарт жандар мен еріктілер мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік пен тұрмыстық техникалар сыйлайды.

«Ізгілік елшісі» жобасының тұсауы Алматыда  кесілді

Бұл жолы шараға Алматы қалалық жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ұйытқы болып отыр. Олар өзгелерге үлгі көрсетіп, екі отбасыға көмек көрсетті. Бұл бастаманы Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық университеттің жанына құрылған Сорбонна-Қазақстан институты мен Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірігіп жүзеге асырып отыр. Мақсат  көмекке мұқтаж жандар мен көмек қолын созғысы келетіндердің базасын жасақтау және оның арасын жалғайтын еріктілерді тарту.

«Соның екеуінің ортасында байланыс құру осы жердегі жоба офисінің мақсаты екінші жағынан көмек көрсететін заттарды апарып сол үйлерге табыс ету сол біздің волонтер жастардың тірлігі. Бүгінгі таңда біз 18 жанұяға олардың ішінде әртүрлі жағдайлары бар сол жанұяларға университеттің ұстаздарының, қызметкерлерінің көмегін берді», - деді  Абай атындағы ҚазҰпу ректоры Такир Балықбаев.

Бүгінде аталған жобада 60 ерікті бар және ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сан күн санап артып келеді. «Ізгілік елшісі» кең көлемде көмек көрсетпесе де, мұқтаж жандарға күнделікті қажетті заттармен қамтамасыз ету және үй шаруасында көмек қолын созуды мақсат етіп отыр. Еріктілер арнайы сайт ашқан.

«Бұл сайтта бірнеше бөлім бар. Мәселен, көмекке мұқтаж жандар өзіне қажетті көмекті өтініш ретінде қалдырса болады және керісінше қайырымды жандар да қолынан келетін көмекті осы сайтта ақпарат қалдыруға мүмкіндік бар. Біздің еріктілер осы екі араны байланыстыратын алтын көпір болмақ. Және бұл бастама тек бір университеттің қабырғасында қалмай, жалпы ұлттық бастамаға айналса дейміз»,  деді «Ізгілік елшісі» жобасының үйлестірушісі Айнұр Сәбитова.

Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Елнар Игіліков портал жұмыс істей бастаған кезде онымен танысқан әрбір азамат  , қандай азаматқа қол ұшын бере алады, тек тұрмыстық техниа емес, азық-түлікпен көмектесуге болатынын айтты.  Азаматтар тіркеліп жазады, көмек сұрайды. Волонтерлар барып көреді. Егер расымен мұқтаж болса, азаматтар көмектеседі.

«Ізгілік елшісі» сайты келесі дүйсенбіден бастап жұмыс істей бастайды. Оған тұрмысы төмен тұрғындар тіркеліп, керек-жарақтарын сұрай алады. Әзірге тек Алматы қаласында басталған игі іс болашақта бүкіл ел аумағында қарқынды қолдау табады деген жоспар бар.