Спорт • 08 Қазан, 2019

Пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Майор Болат Булендин пауэрлифтингтен және оның жекелеген қимылдары бойынша ПҰҚ федерациясында әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ «GOLDEN TIGER – XIII» Халықаралық мультитурнирінде 82,5 килоға дейінгі дәрежеде 4 алтынды қанжығасына байлады.

Пауэрлифтингтен  әлем чемпионы атанды

Болат Булендин – ха­лықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оның­ жетіс­тік­терінің тізімінде – WRPF федерациясындағы әлем­ жеңім­пазы, Азия чем­пионы, пауэрлифтинг және жатып көтеру бойынша Қазақстан Рес­пуб­ликасының жеңім­пазы титулдары бар. Әс­кери қызметші өзінің ман­­саптық жолында екі рет жаңа әлемдік ре­­­корд орнатқан.

Халықаралық «GOL­DEN TIGER-XIII» муль­титурнирі – күш қол­данылатын спорт түр­ле­рінің дәстүрлі фестивалі болып табылады. Биыл жекпе-жекке 50 спорт түрі бойынша 9 мыңға жуық спортшы қатысты.