Аймақтар • 09 Қазан, 2019

Маңғыстауда 10 мектепте үш ауысымды оқыту жалғасып келеді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Балалардың құқығын қорғау» бойынша  облыс көлеміндегі балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары - мектеп асханалары, үш ауысымды оқыту, балабақша туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасы балалардың құқықтарын қорғау және арнайы білім беру бөлім басшысы Шынар Байдуллаева баяндады.

Маңғыстауда 10 мектепте үш ауысымды оқыту жалғасып келеді

-Қазіргі таңда облыс бойынша 308 (мемлекеттік-151, жекеменшік-157 ) мектепке дейінгі ұйымда 38830 бала тәрбиеленуде. Осы жылы 1 қыркүйекте Мұнайлыдағы 640 орындық 2 қосымша құрылыс пайдалануға берілді. Облыс бойынша 10 мектепте оқушылар үшінші ауысымда оқиды. Білім басқармасы білім беру ұйымдарында оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың және нашақорлықтың, мүлдем төзбеушілік ұсақ құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық шаралар ұйымдастырылып келеді, - деді ол.

Айтуынша, бүгінде осы жылдың 7 айында профилактикалық есепте 196 жасөспірім тіркелсе, өткен 2018 жылы тізімде 264 жасөспірім болған. Оның ішінде облыс көлемінде кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс жасаған 47 тіркелді (былтыр – 47),  оған 33 жасөспірім қатысқан (2018 ж. - 73).

Есепке алынған оқушылармен мектеп инспекторлары, психологтар, сынып жұмыстары жеке жұмыс жүргізіп келеді.