Экономика • 09 Қазан, 2019

Қазақ теңгесі тағы да тербеле бастады

592 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлеумет қандай шешім қабылдарын білмей алаңдап отыр. Тұтыну тауарларының құны доллардың өсуімен ілесе жүретіні анық. Іле-шала коммуналдық қызмет түрлері де өседі.

Қазақ теңгесі тағы да тербеле бастады

«Қымбатшылық тағы жайлай ма?» деген сұрақ қазір трендтен түсіп қалды: Күн тәртібінде –девальвация. АҚШ-тың  Федералды резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемесі 2019 жылы 3,1%, 2020 жылы 3,4 пайыз­ға көтеріледі деген болжам бар.

 Қара алтын нарығында да жағдай тұрақсыз. Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық және валюталық своп операциялары күні АҚШ долларына, еуроға және ресей рубліне қатысты есептесулерімен валюта нарығындағы сауда-саттық жабылды. Доллардың орташа сараланған бағамы 389,50 теңгені (+0,46) құрады. Еуроның орташа алынған бағамы 427,70 теңгені (+0,67), сауда көлемі 100 мың еуроны құрады.

Ресей рублінің орташа алынған бағамы 6,0040 теңге (-0,0106), сауда көлемі - 16 миллион рубль.

Айырбас пункттерінде АҚШ доллардың бағамы 389,7-392 теңге, евро - 428,1-430,1 теңге, ресей рублі - 6-6,05 теңге.

Сауда-саттыққа KASE 9 мүшесі қатысты.

Ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 393  теңгеге сатылып жатыр. 8  тамызда да осы көрсеткіш тіркелген еді.  KASE қор биржасының саудасында Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 388,38 теңгеге тең болды. 30 қыркүйекте бір доллар - 387,99 теңге болған еді.  1 қазанда таңғы сауданың бірінші келісімі 388,3 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 388,48 теңге. Сауданың жалпы көлемі 525,75 миллион долларға жетті.

«Америка Құрама Штаттары алдағы айларда мұнай бағасының төмендеуін күтуде», деп хабарлады АҚШ Энергетика министрлігінің Энергетикалық әкімшілігінің (EIA) айлық есебінде.

EIA   2019 жылдың 4-ші тоқсанында бір баррель үшін орташа есеппен 59 долларды құрайды, содан кейін 2020 жылдың 2-ші тоқсанында барреліне 57 долларға дейін түседі деп болжап отыр. Бұл бір ай бұрын жасалған болжамнан 5 долларға төмен.

«Мұнай жеткізіліміндегі соңғы үзілістерге қарамастан, EIA алдағы айларда мұнай бағасының төмендейді деп болжап отыр. Себебі  әлемдік резервтер 2020 жылдың бірінші жартысында өседі», деп жазады агенттік.

Қазан айының басында мұнай бағасына  Сауд Арабиясының нысандарына шабуыл жасауы әсер етті. Мұның әсерінің  қашанға дейін созылатыны белгісіз»,  делінген хабарламада.
 EIA сарапшылардің түсіндіруінше, 2020 жылы сұйық көмірсутектердің ғаламдық қоры OPEK құрамына кірмейтін елдерден жеткізілімдердің өсуі нәтижесінде орташа есеппен күніне 0,3 млн баррельге өседі. Бұл сұйық көмірсутектерге әлемдік сұраныстың өсуіне себеп болады.  Әлемдік мұнай қоры, атап айтқанда, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында тәулігіне 0,5 млн баррельге өседі, бұл  фактор да мұнай бағасының төмендеуіне әсер етеді.  Сарапшылар қаржы, мұнай нарығындағы жағдай әлі талай құбылатынын айтып отыр. Сондықтан қарапайым халыққа ақша айырбастау орындарына жүгірмей, сәл сабыр сақтауын сұрайды. Себебі, долларға деген сұраныстың артуы да ұлттық валютаға кері әсерін тигізбек.