Энергия жинақтаушы жарық диодты шамдар электр энергиясын 15 пайызға үнемдеуге септігін тигізеді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес, қазір Алматының 120 көшесіне жарық берілді, ал жыл аяғына дейін 208 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарланған. Негізінен жарық желілері Бостандық, Жетісу, Түрксіб, Алатау аудандарындағы бұрын жарығы болмаған көшелерге тартылады.
Бұл қаланың қараңғы көшелерінің 30% жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Әсет Масабаев өзекті мәселелер ретінде көше бағдаршамдары, су желілері, газ желілері, иесіз қалған желілердің каналдық жүйеге өткізу керектігіне тоқталып өтті. Осы уақытта 208 көшеге конкурстық процедураға байланысты тамыз айында келісім шартқа қол қойылған. Бұл бағытта қазіргі таңда көше бағдаршам ілетін, кабельдік желілер енгізу бағыты бойынша жұмыстар аяқталыпты.
Алматыда қазір жарығы жоқ 1073 көше бар.
Қаланың шет аймақтарындағы 744 көшені жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.
Осы ретте, Әсет Масабаев 2014 жылы Алматының шеткі аудандарына Түрксіб, Алатау, Жетісу, Наурызбай аудандары қосымша тау бөктерінен Бостандық, Медеу аудандары бойынша жер телімдері қосылғанын еске салып өтті. Бұдан бөлек, Бақытжан Әбдірұлының тапсырмасына сәйкес, мүлдем жарық жоқ 1000 ұсақ көше, 887 аула бар, келесі жылдың аяғына дейін соларды жарықтандыру жоспарда тұр.
Еске салайық, 16 шілдеде өткен көшелерді жарықтандыру бойынша арнайы жиналыста Бақытжан Сағынтаев қалада аулалардың 52% және 26% көшелер жарықтандырылмағанын айтып өткен болатын.
Осы ретте әкімнің тапсырмасы бойынша жұмыстың басымдықтарын өзгертіп, барлық қаражатты бұрын ешқашан жарықтандырылмағын көшелер мен аулаларға бағыттады. Бұл жұмыстар «Жаңа Алматы» даму принципіне сәйкес жасалуда.