Заң үстемдігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – қылмыстық процесті жаңғырту болып табылады. Бұл мәселені кезінде Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жан-жақты ашып көрсеткен де болатын. Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық-процестік заңнаманы дамытудың маңызды бөлігі қылмыстық процесті одан әрі жаңғырту екендігін айтқан еді. Ендеше осы уақыт аралығында қылмыстық процесті заман талабына сай жетілдіруде оның тиімділігі қандай болды деген сауалға жауап іздеп көрелік.

Алдымен айтарымыз, аталған қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамалар 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес, қылмыстық процестің тиімді моделін құруды мақсат етеді. Сондықтан аталған Тұжырымдама қылмыстық процестегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жаңа институттарды енгізуді көздейді. Міне, осыған сәйкес Елбасы алға қойған тапсырмалардың тиімділік барысын сараптар болсақ, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің қолданылуы тапсырмаға сай жүргізілген реформалардың сәттілігін айғақтауда.
Өйткені бұл реформа адам құқықтарын қорғауды нығайтуға, тараптардың жарыспалылығын арттыруға, сот бақылауын күшейтуге, тергеу органды, сот және прокуратура арасындағы өкілеттіктерді ажыратуға және олардың қайталануын болдырмауға бағытталған болатын. Және аталған өзгерістерді жүзеге асыру үшін алғаш рет қылмыстық процеске тергеу судьясы, процестік прокурор, келісім институты, жасырын тергеу амалдары, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеу жүйесін жетілдіру енгізілді.
Тергеу ісі айқындалып, сот бақылауы артты
Жаңадан енгізілген сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің нәтижесінде қылмыстарды бұрынғыдай жасырып қалу тыйылды. Ал тергеу судьясы институты тергеуші немесе прокурордың кез келген әрекеті мен шешіміне байланысты сотқа шағымдануға жол ашты. Ал енді қылмыстық процесті жаңғырту жөніндегі заңның қандай ерекшелігі мен тиімділігі бар дегенде, ең алдымен айтарымыз, алдымен күдіктіні соттың санкциясынсыз ұстау мерзімі қысқартылды. Бұл ұстау мерзімі 1956 жылдан бері заңды түрде өзгертілмеген болатын. Сондықтан қазіргі уақытта іске қажетті дәлелдерді жетілдірілген тәсілдермен жинақтау жүргізілетіндіктен ұстау мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа, ал кәмелеттік жасқа толмағандарды ұстау 24 сағатқа қысқарды. Бірақ аса ауыр қылмыстарды, оның ішінде террорлық және экстремистік қылмыс жасаған, заңсыз есірткі айналымымен шұғылданған, кәмелет жасына толмағандар құқын бұзған деп танылған күдіктілерді 72 сағат қамауда ұстау мерзімі сақталып отыр.
Екіншіден, қылмыстық процестегі сотқа дейінгі тергеуде сот бақылауын кеңейту жүзеге асырылды. Демократиялық және құқықтық даму жолындағы мемлекеттерде тәуелсіз билігі қылмыстық процеске тартылған адамның құқықтарын қорғаудың негізгі субъектісі болып табылады. Сондықтан біздің елде азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін барлық процестік әрекеттерге санкция беру құқығы прокуратурадан алынып, сот құзырына жүктелді. Өткен жылы соттар 30 мыңға жуық санкция берген, оның ішінде тінту, мүлікке тыйым салу, және т.б.
Үшіншіден, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу негіздеріне аса мән берілетін болды. Бұрын іс тек қылмыс жасағаны туралы баянат негізінде қозғала беретін. Осыған байланысты көптеген жазықсыз азаматтар, бизнес өкілдері қылмыстық жауапқа тартылған. Ал енді істі қозғау үшін міндетті түрде аудитордың немесе уәкілетті органның залалды растайтын ресми актілері мен қорытындылары болуы қажет. Бірақ мұндай жағдайда кейде тараптардың бірінің келісімді орындамауы мүмкін. Міне, жоғарыдағы қабылдаған заң осы мәселені де реттеді. Қазір олардың арасындағы дау азаматтық сот арқылы шешіледі. Егер сот келісімді жарамсыз, яғни жалған немесе өтірік деп таныса, онда қылмыстық істі тергеуге мүмкіндік беріледі. Алайда бұл талап шарттық міндеттемелердің жосықсыз орындалғаны туралы ұжымдық арыз берілген жағдайда қолданылмайды. Мәселен, қаржы пирамидасынан алданған үлескерлер ісі.
Адвокаттың қорғаушылық құзыры кеңейді
Төртіншіден, адвокаттың өкілеттігі артты. Қазіргі уақытта адвокат тергеушіден тек сараптаманы ғана емес, өзге де тергеу амалдарын жүргізуді талап ете алады. Соның арқасында тергеу ісі кезінде дәлелдемелермен алмасу да енгізілді. Егер адвокат қолында бар дәлелдемелері ерекше және істің тағдырын шешеді деп есептесе, оны тергеушіге көрсетпестен, кейін сотта ұсынуға да хақылы. Ал тергеуші болса, барлық дәлелдерімен адвокатты таныстыруға тиісті.
Бесіншіден, қазіргі заманауи талаптарға сай, қылмыстық сот ісін жүргізу рәсімдерін жеңілдету шаралары қабылдануда. Мәселен, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша бұйрықтық іс жүргізу өндірісі енгізілді. Егер күдіктінің істеген қылмысы мен келтірген залалы мөлшеріне жәбірленуші қарсы болмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеру 5 тәулікте, ал сотта іс қарау 3 тәулікте аяқталады. Мұндай тәртіпте өткен жылы 850 қылмыстық іс қаралған.
Цифрлы тергеудің тиімділігі зор
Жалпы Елбасының тапсырмасы негізінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша электронды тергеу форматы да белсенді жүргізілді. Қазір электронды қылмыстық істер тіркелгенінен бастап, оның тергелу барысы, сотта қаралуы, жазаның орындалуы секілді барлық жүргізілу сатылары ашық қамтамасыз етіледі. Цифрлы формат уақытты және шығынды үнемдейді. Сонымен қатар қылмыстық істердің жоғалуына, бұрмалануына жол берілмейді. Осы ретте, тергеу процесі негізгі талаптарға сәйкес прокурорларға, адвокаттарға және сотқа ашық көрініп тұрады. Сондай-ақ мұндай қылмыстық процестің қатысушылары да онлайн режімі бойынша шағымдары мен сұрақтарын оңай жібере алады. Өткен жылы 16,1 мың қылмыстық іс электронды түрде тергелді, оның көбі сотқа жолданды.
Бұған қоса тағы айтарымыз, аталған жаңалықтар арқылы түрме индексі бойынша да қамауға алынғандар санының кемуіне орай Қазақстан рейтингісін 12 позицияға жақсартты. Ал осы ретте қылмыстық процесті оңтайландыруға және қамауға алынғандардың санын азайтуға байланысты бюджет қаражаты да елеулі түрде үнемделуде екенін атап өткен жөн.
Бірқатар облыста автожолдар жабылды
Аймақтар • Кеше
Солтүстік Қазақстанда тағы бір сүт фермасы ашылды
Аймақтар • Кеше
Футбол • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президентімен кездесті
Президент • Кеше
Мұз айдындар, сырғанақтар еріп кетпей ме?
Аймақтар • Кеше
Форум «Еңбегі жанған аруларға» арналды
Аймақтар • Кеше
Алматыға беделді еуропалық сәулетші Райнер Махламяки келді
Аймақтар • Кеше
Елбасы кітапханасы суретші балаларды марапаттады
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
Арқалық мазуттан қашан арылады? (видео)
Видео • Кеше
Қазақстан Президенті Ангела Меркельмен кездесті
Президент • Кеше
Жазушылар одағында «Үш бәйтерек» әдеби кеш өтті
Руханият • Кеше
Кино • Кеше
Қожалыжар, Әуелбек ауылдарына су келді
Аймақтар • Кеше
Текелідегі «Green House» жылыжайы 452 мың тонна қияр өсірді
Аймақтар • Кеше
А. Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты
Үкімет • Кеше
Қостанай облысындағы жақсартылған жолдар үлесі 69 пайызға жетті
Аймақтар • Кеше
«Қазақстандық Лапландия» шақырады
Аймақтар • Кеше
Алматыда «STOP Экстремизм!» байқауы ұйымдастырылды
Қоғам • Кеше
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Жетісу аграршылары 780 млрд теңгенің өнімін өндірді
Аймақтар • Кеше
Алматыда Үкі Әжиевтің шығармаларын қамтыған көрме ашылды
Руханият • Кеше
Көкшетауда жас ақындар мүшәйрасы өткізілді
Руханият • Кеше
Мемлекет басшысы ресми сапармен Германияға барды (видео)
Президент • Кеше
Ақмолада құрылыс қарқынды дамуда
Аймақтар • Кеше
«Көкше BIL» командасы – екі дүркін республика чемпионы
Аймақтар • Кеше
Әйгілі жекпе-жек шебері Крэйг Джонс Алматыға келді
Спорт • Кеше
Қарағандыда Open Karaganda фронт-кеңсесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кәсіпқой бокс: Виктор Коточигов Хавьер Хосе Клаверомен күш сынасады
Кәсіпқой бокс • Кеше
Полицейлер шетелдік азаматтарды құтқарды
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Жылы шұлық» қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Қарулы Күштерде тактикалық-саптық сабақтар өтуде
Қазақстан • Кеше
• Кеше
Руханият • Кеше
Қостанайда тоғызқұмалақтан облыстық ашық турнир өтіп жатыр
Ұлттық спорт • Кеше
Алтай Әбибуллаев: Алқалы жиынның әлем назарына ұсынар мұрағаты көп
Қазақстан • Кеше
Үкімет назарына: Асыл тұқымды жылқыны өсіруге кешенді көзқарас қажет
Қазақстан • Кеше
Конкурс жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қолма-қол ақшасыз төлем жасау 52 %-ға көбейді
Экономика • Кеше
Сапасыз жол құрылысына себеп көп
Қоғам • Кеше
Жетісудың көшбасшы жастары марапатталды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Алып асулар кішкентай қадамнан басталады
Қазақстан • Кеше
Іріктеуде ашықтық қамтамасыз етілген
Қоғам • Кеше
Үлескерлер баспанасыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Шыңғырлауда темір жол көпірі салынды
Аймақтар • Кеше
«Қиссас-ұл әнбия» – Бұл шығарма қай жерде туған?
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар