Биылғы егін орағы диқандар үшін оңай-оспақ шаруа болмады. Жаз бойы сирек жауған жауын дәл егін орағы кезінде құйып берсін. Қаншама қолбайлау, оның үстіне көктемдегі егіс кеш аяқталып, дән де толысып, пісіп-жетіле қойған жоқ.

Астық үшін арпалыста әбжілдік танытқандар ардагерлер болды. Есіл ауданына қарасты Юбилейное ауылындағы «Новоприреченское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайын 38 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар тұқымын себеді. Агротехникалық шараларды уақтылы жүргізу арқылы биыл да төккен терлері ақталып, тәп-тәуір өнім жинап отыр.
Серіктестікке кешегі кеңес заманында қырық жылға жуық кеңшар басқарған білікті басшы, іскер ұйымдастырушы Валерий Тюркин басшылық жасайды. Жасы жетпіске жуықтап қалса да, қартайдым, қажыр-қайратым кеміді деп шау тартып отырған жоқ. Жаңалыққа жаны құмар. Әсіресе егін шаруашылығындағы тәжірибеде тиімділігі дәлелденген озық технологияға құштар. Алыс-жақын жерде ақық дән аялаудың ілкімді әдісі туралы соны жаңалық құлағына жетсе болды, барып, бақайшақтап біліп, танысуға талпынып тұрады. Сол ізденісінің нәтижесінде өзі басшылық жасайтын серіктестіктің серпіні кең қанат жайып келеді. Тіпті, әлемдегі ең озық тәжірибелерді игеруге деген талпынысы да атап айтуға тұрарлық.
Шаруашылық басшысының ұзақ жылғы серіктестері де бар. Мәселен, жетпістегі қария Виктор Лескин ілкі замандағы даңғайыр диқандардың көзі. Ұзақ жылдар бойы «СК-4» комбайнымен жұмыс істеген. Өнімділігі онша жоғары емес осы комбайнмен-ақ талай шаруаны тындырған. Серіктестік қаржылық қор жинап, жаңа астық комбайндарын алғаннан соң көзі ашылды. Қазір өнімділігі өте жоғары, шетелдік қуатты техниканы ұршықтай үйіреді.
– Еңбек жолымды бастаған кезде қиындықты көп көрдік, – дейді еңбек ардагері, – ол кездегі астық комбайндарының кабинасы да болмайтын. Күзгі қара суықта кеулеген суық жел етіңнен өтіп, сүйегіңе жететін. Қазір мына комбайндар тамаша ғой. Бұрынғымен салыстырғанда арасы жер мен көктей. Биылғы науқан басталғалы жиырма күндей жаңбырдың салдарынан қаңтарылып тұрып қалдық. Күн сәл ашылып еді, есесін қайтарып жатырмыз.
Серіктестікте дәл осындай жиырмаға жуық шетелдік комбайндар бар. Астық үшін арпалыста еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін күш жұмылдырған соң қимыл-қарекеттері де өнік.
– Егін орағы диқандар үшін өте жауапты науқан, – дейді серіктестік директоры, – бүгінгі заманда ауыл шаруашылығын жаңаша ұйымдастыру қажет. Онсыз алға баса алмайсың. Рас, бұрын да тәуір өнімге қол жеткізіп жүрдік. Ол кезде топырақ құнарлы болатын. Біз табиғаттан алуды білгенмен, беруге енжармыз ғой. Сондықтан ең алдымен алқап құнарын ойлауымыз керек. Екіншіден, «не ексең соны орасың» дейтін қағида бар. Тұқымың тәуір болу керек. Әне бір жылдардағыдай қоймаға күзде кіргізіп, көктемде шығарсаң тәуір өнім ала алмайсың. Оның үстіне осы салада еңбек еткен соң жаңалықты жаныңа серік ет, сонда бағың жанады. Канаданың диқандарына бірнеше рет барып, тәлім алып қайттым. Қазір әлемдегі озық үлгінің санатындағы диқандардың тәжірибесін жүзеге асырып жатырмыз.
Басшының айтуына қарағанда, астық үшін арпалысқа ардагерлерді араластыру жұмыс қолының жетіспеуінен емес екен. Біріншіден, дүбірге құлақ түрген тұлпарлардай бар ғұмырын астықты алқапта өткізген ардагер диқандар сарыала күзде алтындай жалтылдаған, сары сағымға бөленген астық алқаптарына аңсары ауады. Нәтижелі еңбекке деген сарытап сағыныш. Кешегі үзеңгі қағыстырып бірге жүрген замандастарының көңіл құштарлығын осылайша басқысы келеді. Екіншіден, олардың қажырлы еңбегі жастарға өнеге. Жастары жер ортасынан асқан ақсақалдар бел буып еңбек етіп жатқанда, қарап тұруға жастардың да дәті шыдамас.
Биылғы бидайдың көлемі көп болмағанымен, сапасы жақсы екен. Әрі дәл қазір баға да тәуір. Шығынның есесі сол арқылы қайтып оралмақ. Бір оңтайлысы, серіктестік жинаған дәнін алысқа тасымайды. Өздері бірнеше жайлы астық қоймасын салып алған.
Тасымалдау шығынын мейлінше азайтуды да ойластырыпты. Ертеректегі қызыл қырманнан дән таситын автопойыздар тәрізді. Серіктестіктің жүргізушісі Николай Булько үш тіркемемен астық тасымалдап жүр. Есесіне, үш есе жанар-жағармай аз жұмсалады. Бүгінгі кейбір жаңалық кешегі өзіміз көрген дүниенің жаңаша жаңғыруы тәрізді.
Қазір облыс диқандары соңғы айналымдарда жүр. Жаңа астықтың жорығы тәмамдалуға таяу. Бар қауым жан алып, жан беріскен еңбек жорығында ардагерлердің алдыңғы шептен табылуы қандай ғанибет.
Ақмола облысы,
Есіл ауданы
Бірқатар облыста автожолдар жабылды
Аймақтар • Кеше
Солтүстік Қазақстанда тағы бір сүт фермасы ашылды
Аймақтар • Кеше
Футбол • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президентімен кездесті
Президент • Кеше
Мұз айдындар, сырғанақтар еріп кетпей ме?
Аймақтар • Кеше
Форум «Еңбегі жанған аруларға» арналды
Аймақтар • Кеше
Алматыға беделді еуропалық сәулетші Райнер Махламяки келді
Аймақтар • Кеше
Елбасы кітапханасы суретші балаларды марапаттады
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
Арқалық мазуттан қашан арылады? (видео)
Видео • Кеше
Қазақстан Президенті Ангела Меркельмен кездесті
Президент • Кеше
Жазушылар одағында «Үш бәйтерек» әдеби кеш өтті
Руханият • Кеше
Кино • Кеше
Қожалыжар, Әуелбек ауылдарына су келді
Аймақтар • Кеше
Текелідегі «Green House» жылыжайы 452 мың тонна қияр өсірді
Аймақтар • Кеше
А. Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты
Үкімет • Кеше
Қостанай облысындағы жақсартылған жолдар үлесі 69 пайызға жетті
Аймақтар • Кеше
«Қазақстандық Лапландия» шақырады
Аймақтар • Кеше
Алматыда «STOP Экстремизм!» байқауы ұйымдастырылды
Қоғам • Кеше
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Жетісу аграршылары 780 млрд теңгенің өнімін өндірді
Аймақтар • Кеше
Алматыда Үкі Әжиевтің шығармаларын қамтыған көрме ашылды
Руханият • Кеше
Көкшетауда жас ақындар мүшәйрасы өткізілді
Руханият • Кеше
Мемлекет басшысы ресми сапармен Германияға барды (видео)
Президент • Кеше
Ақмолада құрылыс қарқынды дамуда
Аймақтар • Кеше
«Көкше BIL» командасы – екі дүркін республика чемпионы
Аймақтар • Кеше
Әйгілі жекпе-жек шебері Крэйг Джонс Алматыға келді
Спорт • Кеше
Қарағандыда Open Karaganda фронт-кеңсесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кәсіпқой бокс: Виктор Коточигов Хавьер Хосе Клаверомен күш сынасады
Кәсіпқой бокс • Кеше
Полицейлер шетелдік азаматтарды құтқарды
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Жылы шұлық» қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Қарулы Күштерде тактикалық-саптық сабақтар өтуде
Қазақстан • Кеше
• Кеше
Руханият • Кеше
Қостанайда тоғызқұмалақтан облыстық ашық турнир өтіп жатыр
Ұлттық спорт • Кеше
Алтай Әбибуллаев: Алқалы жиынның әлем назарына ұсынар мұрағаты көп
Қазақстан • Кеше
Үкімет назарына: Асыл тұқымды жылқыны өсіруге кешенді көзқарас қажет
Қазақстан • Кеше
Конкурс жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қолма-қол ақшасыз төлем жасау 52 %-ға көбейді
Экономика • Кеше
Сапасыз жол құрылысына себеп көп
Қоғам • Кеше
Жетісудың көшбасшы жастары марапатталды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Алып асулар кішкентай қадамнан басталады
Қазақстан • Кеше
Іріктеуде ашықтық қамтамасыз етілген
Қоғам • Кеше
Үлескерлер баспанасыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Шыңғырлауда темір жол көпірі салынды
Аймақтар • Кеше
«Қиссас-ұл әнбия» – Бұл шығарма қай жерде туған?
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар