Қазақстан • 11 Қазан, 2019

UNWTO VIII Жаһандық Саммиті: алғашқы күннің нәтижесі

205 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Дүниежүзілік туристік ұйымының «UNWTO» қалалық туризмді дамытуға арналған «Ақылды қалалар, ақылды дестинациялар» VIII Жаһандық Саммитінің ресми ашылуы өтті. Оның ашылуына  Премьер-Министр Асқар Мамин, астана әкімі Алтай Көлгінов пен UNWTO бас хатшысы Зураб Пололикашвили қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

UNWTO VIII Жаһандық Саммиті: алғашқы күннің нәтижесі

Ашылу салтанаты кезінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың динамикалық дамуы мен көрсеткіштері туралы атап өтті. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанға 23 млрд. доллар инвестиция тартылып,  22,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды.

Сондай-ақ қала басшысы сапалы қауіпсіздікті, логистика, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй секторы мен мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге бағытталған «Ақылды қалалар» тұжырымдамасы туралы айтып берді. UNWTO бас хатшысы Зураб Пололикашвили ақылды қалалардың туристік әлеуеті мен инновациялық технологияларды пайдалану туралы атап өтті, себебі олар қалаларды өмір сүру үшін қажетті әрі жайла ете алады. Оның сөзінше, БҰҰ Бас ассамблеясын өткізгеннен кейін он жыл өткен соң Нұр-Сұлтан мемлекеттің рөлін халықаралық аренадағы рөлін жалғастырып келеді.

Саммиттің алғашқы кнгі дөңгелек үстелдер, панельдік сессиялар және «Ақылды қалалар және туризм», «Шығармашылық қалалар: туризм инновация мен креативтіліктің көзі», «Ақылды бағыттар» тақырыбында таныстырылымдар өтті. «Шығармашылық қалалар: туризм инновация мен креативтіліктің көзі»  тақырыбындағы пікірталастар Sound Diplomacy, Music Cities Events атқарушы директоры Шейн Шапиро музыкалық туризмнің негізгі принциптері мен оны дамыту жолдарын атады.

Испандық Segittur туристік агенттігі ұйымдастырған панельдік сессияда замауни қалалық менеджмент мәселелері талқыланды. Әсіресе, жекеменшік және мемлекеттік ұйымдардың қалалар тап болатын проблемаларды шешу жолындағы ынтымақтастығының рөлі ерекше аталып өтілді. Бұған қоса, Mastercard сату бойынша менеджері Галина Ганеева компанияның қала билігімен электронды төлемдерді пайдалануды туралы тәжірибесімен бөлісті.

Саммит шеңберінде жүргізілген кездесулер бойынша Нұр-Сұлтан қаласының «Ақылды қалалар, ақылды дистинациялар» декларациясы қабылданды. Еске сала керейік, Нұр-Сұлтандағы «Ақылды қалалар, ақылды дестинациялар» VIII Жаһандық Саммитінне  80 мемлекеттен 1400 делегат қатысуда.