Спорт • 11 Қазан, 2019

Елордада Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай футболдан инклюзивтік турнир өтті

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Психикалық денсаулықтың медициналық орталығында  Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай  ашық есік күні өтті. Соның аясында футболдан инклюзивтік турнир өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай футболдан инклюзивтік турнир өтті

Бұл күні орталықтың келушілері білікті психиатрлар мен психологтардан консультация алып, орталықтың психо-әлеуметтік орталығының клиенттері жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесіне қатысты.

Қазақстан Республикасының ДМ Қоғамдық денсаулық ұлттық орталығымен бірлесіп, суицидтің алдын алу бойынша семинар ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласының № 35 және № 1 мектеп-лицейлерінің 8-11 сынып оқушыларының алдында орталықтың суицидологы Михаил Смецкой дәріс оқыды. Оның айтуынша, дұрыс әрі сауатты өмір сүрсе адам өмірін сақтап қалуға болады.

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай, алғаш рет футболдан «Mental cup» өтіп, оған орталықтың науқастары мен «Нұр-Отан» партиясының, «Green Tall» әлеуметтік шеберханасы, «Өмір тынысы»  қоғамдық қорының командалары қатысты. Аталған турнирді ШЖҚ "ПДМО" МКК-нің  Психо-әлеуметтік оңалту орталығы және   «Олимпионок» әлеуметтік қоры ұйымдастырды. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды «Нұр Отан» партиясының командасы, екінші орынды «Өмір тынысы» ҚБ, ал үшінші орынды Психикалық денсаулық медициналық орталығының командасы иеленді.

Матч ұйымдастырушылары мұндай инклюзивтік жолдастық кездесулерді республикалық деңгейге шығаруды көздеп отыр, өйткені ол психикалық ауытқулары бар адамдарды оңалтудың бір бағыты болып табылады.