Спорт • 11 Қазан, 2019

Түркістан: Бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегеріне 1 000 000 теңге табыс етілді

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Екатеринбург қаласында өткен бокстан әлем чемпионатының және Ақтөбе қаласында өткен ұлттық спорт түрлері сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың бапкерлерін қабылдап, жеңістерімен құттықтады.

Түркістан: Бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегеріне 1 000 000 теңге табыс етілді

Аймақ басшысы облыстың ғана емес, күллі қазақ елінің намысын қорғап, көк байрағымызды желбіретіп жүрген бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, бокстан әлем чемпионы (2017) Қайрат Ералиев, жамбы атудан әлем чемпионы Ералхан Айкөз және самбодан бес дүркін Азия жеңімпазы Айжан Жылқыбаеваға сый – құрмет көрсетті.Төрт жылдықтың басты спорт додасы - Токио олимпиадасының лицензиялық турнирлерінде спортшыларға жеңіс тіледі. Сондай - ақ облысымызда спортты дамытуда алда үлкен жоспарлардың бар екендігін атап өтті. Бұл салаға алдағы уақытта да барынша қолдау көрсетіледі. Облыс әкімінің айтуынша, жастарды жаппай спортқа баулу мақсатында өңірде олимпиадалық резервтегі мектеп, стадион, теннис алаңы мен ипподром құрылысы қолға алынады.

Өз кезегінде спорт шеберлері облыс әкімінің қолдауына ризашылықтарын білдіріп, Ақтөбе қаласында өткен ұлттық спорт түрлері сайысында топ жарып, жеңіп алған бас жүлде - кубокты тарту етті.

Соңғы жаңалықтар