Қазақстан • 11 Қазан, 2019

19 қазанда «Медеуде» сырғанау маусымы ашылады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының символына айналған «Медеу» мұз айдынының жаңа маусымға дайындығын тексерді. Әкім ондағы прокат пунктерінің екі есе өсіп, конькилердің саны 2000-нан 3500-ге дейін артқанын мәлімдеді.

19 қазанда «Медеуде» сырғанау маусымы ашылады

Одан бөлек, «Медеу» мұз айдынында жалға берушілер бұрынғы конькилерді жаңартып, жаңаларын сатып алған. Билет беру жүйесі де жаңарған, яғни, бүгінде билетті онлайн алуға да болады.

«Мұз айдынының жұмысы екі емес, үш ауысыммен ұйымдастырылған. Мұз жиі тазартылады, соның арқасында оның бетінде сырғанау жайлы болады. Айдынның салқын бөлігінде фудкорт және демалыс орындары ұйымдастырылады.Басты мақсат - клиенттерді шоғырландыру және функционалдық», – деп жазды Б.Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ шаһар басшысы мұз айдынының қала мақтанышына айналған тарихи сәулет келбеті қалпына келтірілетінін айта келіп, қала тұрғындары мен қонақтарын 19 қазанда болатын мұз айдыны жаңа маусымының ашылуына шақырды.