Қазақстан • 11 Қазан, 2019

Ұлттық банк қаржы нарығын тұрақтандыруы тиіс

184 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бүгін Ұлттық банктегілер теңгенің құнсыздануына мұнай бағасының түсуі себеп болғанын мойындады.Бірақ  девальвация болады деп қауіптенудің қажеті жоқ деп жан-жағын сабырға шақырды.   

Ұлттық банк қаржы нарығын тұрақтандыруы тиіс

Ұлттық банк төл ақшамыздың құнсыздануына әдеттегідей мұнай бағасы себеп деуден жабаррелі ңылмай отыр. Өйткені «қара алтынның» құны соңғы күндері шамамен 10 долларға арзандап, баррелі 61 доллардан сатылып жатыр. Десе де, Ұлттық банк теңгенің шамадан тыс арзандап кетуіне жол бермейміз деп сендіріп отыр.

Валютамызға қауіп төнсе,Ұлттық банк валюталық интервенция жасауға құқылы екенін, интервенцияның ықпалы теңгенің жағдайын жарты жылға ғана жақсарта алатынын білеміз. Ал,теңгені әлсіреткен мұнай бағасының арзандауына не себеп?

Сарапшылар бұған Американы кінәлап отыр. Айтуларынша, нарықты жаулау үшін Ақ үй мұнай экспорттаушы Иран, Венесуэла сияқты елдерге санкция салып, өзі «қара алтынды» шамадан тыс өндіріп жатыр. Тіпті, артық қор жиналып, баға құлдырап кеткен. Бұлай жалғаса берсе, теңге әлі де әлсіреуі мүмкін.

Қыркүйек айында ұзақ үзілістен кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақыры жағымды тосын сый жасады. Оның валюта активтері бірден 1 миллиард 188 миллион долларға (12%) өсті. Бұл айқын прогресс. Бірақ сарапшылар әлі қуануға ерте деп отыр.    Шынында да, осы белгі бойынша (10 миллиард 783 миллион доллар) бұл активтер соңғы рет 2006 жылдың көктемінде, яғни 13,5 жыл бұрын болған. Ағымдағы жылға келетін болсақ, бұл ай сайынғы ең төменгі үшінші нәтиже.Көп көңілінде доллар бағасының  өсуін тоқтатқанмен, алтыннан ұтылып қалдық па  деген күмән тұр. Себебі бас реттеуші өзінің валюта активтерін қай көздерден толықтыруға болатындығын  немесе толықтырып үлгіргенін әлі түсіндірген жоқ. Осы жолы   Ұлттық банк жасырын шешім қабылдамағанда қиын  жағдайға душар болатын еді. Алтынның қоры қыркүйек айында 18 млрд 54 млн долларға дейін төмендеді (3,1%). Валюталық активтердің қарқынды өсуіне байланысты Ұлттық Банктің алтын резервтерінің жалпы көлемі қыркүйек айында 2,1% -ға артты.

Сондай-ақ соңғы жылдары алғаш рет Ұлттық банк алтын резервтері мен Ресейдің Орталық банкі құрамдас бөліктерінің өзгеруінің синхронды динамикасын жасағаны байқалады.  Ақшалы алтынның соңғысы қыркүйекте 1,5% -ға төмендеді, абсолютті түрде - 1 млрд. 631 млн.

Ұлттық Банк сияқты, бұл шығындар валюталық резервтің 0,8% -ға немесе 3 млрд 471 млн долларға өсуімен өтелді, нәтижесінде Ресейдің халықаралық резервтері күздің алғашқы айында 0,3% -ға артып, $ 530 млрд 923 млн болды.

Нұр-Сұлтан, Алматы ақша айырбастау пункттеріндегі мәліметтер бойынша доллар бағасы қымбаттады. Ұлттық банктің қазіргі ұстанымы төмендегідей:  «Елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету  Ұлттық банктің негізгі басым міндеті болып қалуда. 2019-2021 жылдарға инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6 пайыз ауқымында белгіленген. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 5,3 пайыз деңгейінде болды. Жеміс пен көкөніс бағасының маусымдық төмендеуіне қарамастан дефляциялық процестер байқалмады. Азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 9,1 пайызға өсіп, инфляцияға барынша көп үлес қосуын жалғастыруда»,  деді Есжан Біртанов бүгін Алматыда журналистермен кездескен кезде.  . 

Біртановтың айтуынша,бюджеттік әлеуметтік шығыстардың өсуі негізгі проинфляциялық фактор болып табылады. Оның инфляцияға қосқан үлесі 0,5 пайыздық тармаққа бағаланады. Басқа факторлардың ішінде азық-түлікке әлемдік бағаның жоғарылауын, іскерлік белсенділіктің өсуін және төлем балансының ағымдағы шотының нашарлауын атап өтуге болады.

«Біздің бағалауымызша, инфляция биылғы жылдың қорытындысы бойынша нысаналы дәліздің жоғары шекарасына жақын – 5,7-5,8 пайыз деңгейінде қалыптасатын болады. Инфляция бойынша мақсатты бағдарға қол жеткізу және теңгелік активтерге сұранысты арттыру үшін 9 қыркүйекте Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9-дан 9,25 пайызға дейін көтерді»,  деді ҰБ төрағасының орынбасары.

Тәуелсіз қаржыгер Есет Бутин ақша айырбастау пунктері шекті дәлізден жоғары бағада сатқанын байқағанын айтады.

«Теңге бағамын ұсыныс пен сұраныс анықтайды. Сондықтан алып-сатарлардың рөлі басым. Бас банк әдеттегідей қол қусырып отыр. Интервенция жасады. Бірақ оның пайдасы шамалы болып тұр. Жыл соңына дейін доллардың өсетіні анық. Сыртқы факторлардың әсерінен, АҚШ доллары     400 теңгеден асып жығылуы мүмкін» дейді ол бізбен әңгімесінде.

Осы ретте сарапшылардың пікірі екіге бөлініп отыр. Екінші топ доллар 387-390-ға дейін баруы мүмкін, бірақ  400-ден әрі аспайды деген ойға басымдық береді.   Жағдай ушығар болса,бюджетін мұнайдан түскен пайдамен жауып отырған Қазақстан тығырыққа тірелуі мүмкін екені айдан анық.Сондықтан, алдағы бірер аптадан соң Үкімет тағы Ұлттық қорға ауыз ашуға мәжбүр болады дейді сарапшылар.

Төл ақшамыз долларға шаққанда 400 теңгеге арзандаса, Ұлттық банк интервенция жасап, қаржы нарығын тұрақтандыруы тиіс және жағдаймен халықты хабардар етуі тиіс.