Руханият • 12 Қазан, 2019

Жетісу төрінде жыр Құлагеріне ескерткіш қойылды

860 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу топырағында қазақ әдебиетінің дүбірлі тойы басталды. Жыр Құлагері Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125  жыл толуына орай ақынның кіндік қаны тамған Ақсу ауданында  салтанатты жиын өтті.

Жетісу төрінде жыр Құлагеріне ескерткіш қойылды

Жансүгіров кентінде ресми басталған салтанатты шарада ақынның мәрмәрдан қашалған ескерткіші ашылды.

Бүгін туған жерінің төрінен ақынға арналып еңселі ескерткіш орнатылып отыр. Бұл – елінің тарлан талантқа деген құрметі, ерен ерге деген тағзымы деп білеміз. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Қазақтың Абайдан кейінгі заманындағы аса дарынды ақыны Ілияс Жансүгіров. Ілияс поэзиясы – ойға қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін мәңгі жас поэзия», – деп баға берген еді. Жетісу топырағында туған қайраткер-тұлға қазақ әдебиетінің барлық жанрына елеулі еңбек сіңірді, – деді жиында сөз алған Алматы облысының әкімі Амандық  Баталов.

 Ілияс

Орталық алаңға қойылған Ілияс Жансүгіров ескерткішінің авторы мүсінші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Қазбек Дулатов.

Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125  жыл толуына ұйымдастырылған шаралар  легі бүгін облыс орталығында жалғасады.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы