Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Маңғыстауда «Автобус» іс-шарасы өтуде

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-17 қазан күндері аралығында Маңғыстау облысы аумағында "Автобус" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Маңғыстауда «Автобус» іс-шарасы өтуде

Шараның мақсаты - жол жүру ережелерін сақтамайтын көлік жүргізушілерін анықтау, қоғамдық көліктердіңқатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараның алғашқы күнінде-ақ облыс көлемінде 102 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша 6 әкімшілік хаттама толтырылды.

Маңғыстау облысы