Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Қазақстандық және шетелдік дипломаттар ағаш отырғызу ауқымды акциясына қатысты

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық және шетелдік дипломаттар бүкіл ел бойынша өткен ағаш отырғызу ауқымды акциясына қатысты. Акцияға 150-ден астам адам келіп, оның ішінде жанұя мүшелерімен де бірге қатысқан 70-ке жуық дипломатиялық корпус өкілдері де бар.

Қазақстандық және шетелдік дипломаттар ағаш отырғызу ауқымды акциясына қатысты

Елордада көгалдандыру үшін әртүрлі алаңдар, атап айтқанда Ұлы дала, Шыңғыс Айтматов көшесі, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған монументтің жанындағы сквер және ботаникалық бақ таңдалды. Онда қарағай, қайың, шаған, терек, жөке, бөртегүл, үйеңкі және алма ағаштары отырғызылды.

Сыртқы саяси ведомствоға бекітілген учаскеде СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді астананы көгалдандыру бойынша акцияға қатысуға ниет білдірген Министрлік қызметкерлері мен дипломатиялық корпусқа алғыс айтып, акцияға қатысушылармен бірге бірнеше ағаш отырғызды. Сонымен қатар, осындай акциялар жүйелі түрде өткізілетініне сенім білдірді, себебі біздің қаланы жасыл және гүлдендіру өте маңызды екенін атап өтті.

Ағаш

Сондай-ақ, дипломаттарға алғыс айту үшін іс-шараға қала әкімі Алтай Көлгінов те келіп қатысты.

Ағаш отырғызу акциясына қатысу - бұл Нұр-Сұлтанның экологиялық болашағына өзінің жеке үлесін қосудың бірегей мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар қалалықтарды біріктіретін әлеуметтік маңызы бар қызмет.