Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Мәскеуде Павлодардың инвестициялық күндері өтті

349 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бизнес-форум аясында облысқа инвесторларды тарту, өзара әріптестікті нығайту мәселелері талқыланып, екіжақты келісімдерге қол қойылды.

Мәскеуде Павлодардың инвестициялық күндері өтті

Мәскеудің Сауда-өнеркәсіп палатасының конгресс-орталығында өткен кездесуде облыс әкімі Болат Бақауов өндірісті өңірдің Ресейдің әлеуетті инвесторларымен жұмыс жасауға  дайын екеніндіктерін мәлім етті.

Яғни, шетелдік кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер беру, кеңселер ұсыну, жұмысшыларға әлеуметтік қызметтер көрсету сынды мүмкіндіктер бар.

Және мемлекеттік қолдаудың бірыңғай кепілдендірілген шаралары барысында инвесторларға екі жылға қайтарымсыз негізде кеңселер беріледі.

Инвесторлар жұмысқа алатын қызметкерлердің отбасы мүшелерін жұмыспен, оқу орындарымен қамти алады.

 Ал, өңіріміздің сыртқы сауда көлемінің 40 пайыздан астамы Ресейге тиесілі. Мәселен, өткен жылы Павлодар мен Ресей облыстары арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд. АҚШ долларын құраған.

 Павлодар обылысы Оңтүстік Сібір және Орталық Сібір темір жол желілерінде орналасқан. Әуе және өзен қатынасы бар. Алтай өлексі, Новосибирь, Омбы  облыстарымен шекаралас.

  -Сондай-ақ, ферроқорытпаның 65,2 пайызы, жанар майдың 46,3 пайызы, глинозем мен өңделмеген алюминийдің 99,6 пайызы біздің облыста өндіріледі. Елімізде өндірілетін көмірдің 60 пайызы да біздің өңірге тиесілі, – деді Б.Бақауов.

Осы  форум нәтижесінде қаралған жобалардың бірі – «ЛМК – шойын мен болат зауыты» ААҚ бас директоры Дмитрий Скворцов ұсынған шойын балқыту өндірісі. Яғни, бірлескен әріптестік нәтижелі болса-облыс  орталығында шойын құймаларын жасап шығаратын өндіріс орны ашылмақ.

Ал,  «Роснефтехим» деген екінші бір ресейлік компания облыс әкімінің орынбасары Арыстан Қабыкеновтің  айтуынша, суды тұздан тазартудың жаңа технологиясын ұсыныпты.

Бұл компания «Павлодар-Сода» ЖШС-імен әріптестік орнатуға мүдделі.

Бұл күндері біздің өңірде жұмыс жасап жатқан Forwoll Group директорлар кеңесінің басшысы Виктор Литуев облыс  орталғындағы арнайы экономикалық аумақта  керамикалық бұйымдар өндірісін де іске қосуды да жоспарлап отыр.

 Құрылтайшыларының бірі ресейлік «Гранула-СпецЦемент» компаниясы болып табылатын «KazCenosphere» кәсіпорны да өз жобасын осы жылдың мамыр айында бастаған екен.Мәскеудегі бизнес-форумға «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басшысы Бауыржан Сартбаев та қатысты.

–Біздің компания үшін Ресеймен байланыс орнату - маңызды бағыттың бірі. Ресейлік инвесторларды еіліміздегі саяси тұрақтылық, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық база, салықтық жеңіл-діктер және инфрақұрылымның дамуы қызықтырады. Бүгінде ресейлік инвесторлармен жалпы құны 4,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде, – деді Б.Сартбаев.

Сонымен қатар, бизнес форум барысында  облыс әкімі Болат Бақауов Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Дмитрий Курочкинмен кездесті. Қос тарап әріптестік байланыс орнатудың тиімді тетіктерін талқылады.

Облыс әкімі  баспасөз қызметінің  мәліметінше, бизнес-форум шеңберінде  облыс әкімдігімен   «Роснефтехим» ЖАҚ, «ЛМК – шойын мен болат зауыты» ААҚ, «Спектопласт», «Компания Рона» ААҚ-ы екі жақты келісімдерге қол қойылды.      

            Павлодар облысы

Суреттер: облыс әкімінің баспасөз қызметінен