Спорт • 13 Қазан, 2019

Александр Винокуров Іronman бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиада  чемпионы Александр Винокуров Конада (Гавайи, АҚШ) өткен Ironman бойынша әлем чемпионатында өз жас дәрежесінің жеңімпазы атанды деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Александр Винокуров Іronman бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетті

Винокуров 45-49 жас аралығындағы дәрежеде қатысты. Бірінші кезеңде ол 3,8 км қашықтықты 1:09:06 уақытта жүзіп өтті. Веложарыста  180 қашықтықты 4:21:06 уақытта бағындырып, бірінші сатыға көтерілді. Жүгіру кезеңінде қазақстандық спортшы көшбасшылықты сақтап, мәреге бірінші болып жетті. 8:48:24 уақытта барлық кезеңді бағындырған ол өз жас дәрежесінің жеңімпазы атанды.