«Азербайжан Халықаралық банкінің бұрын сатып алынған облигациялары туралы көптеген сұрақтар ала бастадым. Түсінгенімдей, салымшыларымыздың көбісі зейнетақы ақшалары Әзірбайжанның кейбір банктеріне салынып, жоғалып кеткендей қабылдайтынын жасырмайды. Бұл дұрыс емес», деп жазды Өтеғұлов өзінің Facebook парақшасында.
Одан әрі ол оқиғалардың хронологиясын егжей-тегжейлі көрсетеді. 2014 жылғы қазанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінен Әзірбайжан Халықаралық Банкінің (MAB) 250 млн. АҚШ долларынан астам қарыздық бағалы қағаздары сатып алынды. 2017 жылдың мамырында банктің Нью-Йорктегі сотқа банкроттық туралы өтініш бергені белгілі болды. Кейіннен қайта құрылды.
Қайта құрылымдаудан кейін MAB облигациялары қарыздың номиналды көлемін жоғалтпай 2032 жылы өтеу мерзімі Әзірбайжан үкіметінің тәуелсіз облигацияларына ауыстырылды. Бұл Әзірбайжан Халықаралық Банкінің БЖЗҚ алдындағы міндеттемелерін осы елдің үкіметі толықтай қабылдағанын білдіреді», - деп түсіндірді Өтеғұлов.
2019 жылғы ақпанда-сәуірде қолайлы нарықтық конъюнктураға байланысты Әзірбайжан үкіметінің облигацияларының қалған бөлігі нарықтық жағдайда сатылды.
«Қазақстанның Ұлттық Банкінің хабарлауынша, 2014 жылы МАВ облигацияларды сатып алған сәттен бастап Әзірбайжан үкіметінің облигацияларын сатқанға дейін, алынған барлық төлемдерді ескере отырып, таза ішкі кірістілік 4% (валютамен) құрады. Бұл мөлшерлеме қазақстандық банктердегі долларлық депозиттер бойынша кірістіліктен шамамен төрт есе жоғары (жылдық 1% -дан аспайды)», деді Өтеғұлов.
Осылайша, Әзірбайжан банкінің тарихы сәтті аяқталды және салымшылар үшін табыс әкелді.
Осыған дейін Қазақстанның Ұлттық банк биыл 21 тамыз күні Әзербайжанның құнды қағаздарына құйылған Қазақстанның зейнетақы қорының қаржысы толық қайтарылғанын айтқан болатын.
«Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында облигациялардың барлығы сатылды» деп жазады ведомство.
Жалпы Әзербайжан халықаралық банкінің құнды қағаздарына құйылған инвестициядан 40 миллион доллардан астам пайда түскен.
Еске салсақ, 2014 жылдың қазан айында банкротқа ұшыраған Әзербайжан халықаралық банкіне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 71,3 миллиард теңге құйылған болатын. Бұл қаржы 2024 жылға дейін инвестицияланған.
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ,
«Еqemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ