Қазақстан • 14 Қазан, 2019

Бизнес-форумда сегіз құжатқа қол қойылды

266 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолияның Премьер-Министрі Ухнаагиин Хүрелсүх Қазақстан-Моңғол бизнес-форумының ашылуына қатысты. Олар сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бизнес-форумда сегіз құжатқа қол қойылды

«Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті Н.Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан-Моң­ғолия қатынастарының ілгері­леуіне, дамуына негіз қалан­ды. Президент Қ.Тоқаев сыртқы сая­саттағы сабақтастықты ұста­на отырып, Моңғолиямен ынты­мақ­тастықты тиімді дамытуға баса мән береді», деді А.Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстан мен Моңғолияның инвестициялық ынтымақтастықты, әсіресе тау-кен, көлік-логистикалық, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында кеңейтуі үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті.

А.Мамин екі елдің бизнес­мен­дерін іскерлік байланыстарды бел­сенді түрде ретке келтіруге, бір­лескен кәсіпорындар құруға жә­не өзара тиімді ынтымақтастық жо­баларын іске асыруға шақы­ра отырып, Қазақстанның инвес­ти­ция­лық ахуалы туралы айтып берді.

Өз кезегінде У.Хүрелсүх Қазақ­станның Тәуелсіздік жылдары және нарықтық экономикаға көш­кеннен кейін экономиканың тұ­рақты дамуы мен қолайлы инвес­тициялық ахуалды қамтама­сыз ете отырып, үлкен жетістік­тер­ге қол жеткізгенін атап өтті.

«Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақ­тас­тықты кеңейту үшін елеулі мүм­кіндіктер бар. Осы бизнес-форум екі ел арасындағы іскерлік қаты­настар мен экономикалардың да­муына серпін беретініне се­німдімін», деді Моңғолияның Премьер-Министрі.

Форум аясында Қазақстан мен Моңғолияның іскерлік орта­ла­рының өкілдері екі елдің Үкі­меттер басшыларының қаты­суы­мен 8 құжатқа қол қойды. Олар:

«Symbat Engineering» ЖШС мен «Эрдэнэс алт ресурс» ара­сындағы қазақстандық тараптың Моңғолияда алтын мен күміс өңдеу бойынша аффинаж зауытын салу мен оның пайдалануға беруі туралы келісімі;

«Қазақстан минералды ши­кізатты кешенді өңдеу бойынша Ұлттық орталығы» РММ мен моңғолиялық «Коеус кон­сал­тинг» арасындағы «Ферро­си­ликоалюминия» инно­вациялық қорытпасын өндіру зауытын салу» бірлескен кәсіп­орнын құру туралы келісім;

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп пала­тасының арасындағы ынты­мақ­тастық туралы меморандум;

«SCAT» әуе компания­сы» мен Mongolian Airways Cargo LLC арасындағы ұшатын экипаж­дарды, жер бетінде қызмет көрсететін мамандарды оқыту, авиациялық-техникалық қызмет көрсету туралы меморандум;

Қазақстандық «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС мен моңғолиялық «Гло­бал бизнес линк» компаниясы арасындағы ветеринарлық-имму­нобиологиялық препараттар мен диагностикалық тестілердің екіжақты экспорттық операцияларын дамыту, сондай-ақ вете­ринарлық препараттар өндірісі мен ветеринарларды оқыту орта­лық­тарына бірлескен инвестиция­лар туралы меморандум және тағы басқалары.

Форумға екі елдің іскер­лік ортасының, ұлттық компа­ни­я­ларының, экономика сала­сындағы министрліктер мен ведомстволардың өкілетті өкіл­дері қатысты. Екі елдің сауда-экономикалық және инвести­циялық өзара іс-қимылын дамыту перспективалары туралы Ұлттық экономика министрі Р.Дә­ленов, Қазақстанның Сыртқы сау­да палатасының басқарма төра­ғасының орынбасары Н.Бөкей­ханов, «ҚазАгро» холдингі» АӨК АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақ­тандыру компаниясы» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері, Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының президенті О.Амартувшин, Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі Ч.Улаан, Моңғолияның Тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрі Д.Сумъяабазар баяндама жасады.