Хоккей • 14 Қазан, 2019

«Барыстың» қарқыны қатты

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы кезекті тур ойынын Новосібірде өткізіп, жергілікті «Сибирь» командасынан басым түсті.

«Барыстың» қарқыны қатты

«Сибирь» командасы 8 мыңға жуық жанкүйердің алдында «Барыс» командасына еш қарсылық көрсете алмады. Бірінші кезеңнен бастап басымдықты өз қолдарына алған елорда командасы 0:2 есебімен жеңіске жетті. Командалар алғашқы кезеңде тең ойнағанымен, кездесудің екінші және үшінші бөлігінде «Барыс» ойыншылары қарсыласының қақпасына екі шайба соқты. Матчтың 37-минутында Корбэн Найт мергендігімен көзге түссе, үшінші кезеңнің 42-минутында Аркадий Шестаков есепті 2:0-ге жеткізді.

Осылайша «Барыс» сырт алаңда өткізген екі кездесуінде де жеңіске жетті. Бұл жеңісінен кейін «Барыс» ҚХЛ-дің «Шығыс» конференциясында 22 ұпаймен 3-орынға тұрақтады. Енді отандастарымыз алдағы үш кездесуін «Барыс Аренада» өткізеді. Атап айтар болсақ, бүгін Владивостоктың «Адмиралымен» кездессе, 16 қазанда «Динамо» (Рига), 20 қазанда «Витязь» (Мәскеу облысы) клубымен күш сынасады.