Бокс • 14 Қазан, 2019

Екі қола медаль еншіледі

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Улан-Удэ қаласында бокс­тан қыздар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Әлемдік додаға қатысқан Қазақстан құрамасы бар-жоғы екі қола медаль олжалады.

Екі қола медаль еншіледі

Жартылай финалдық жекпе-жекте 64 кило салмақтағы Милана Сафронова италиялық Анджела Кариниге есе жіберіп, финалдық сынға өте алмады. Ал 81 килодан жоғары салмақта жұдырықтасқан Дина Исламбекова қытайлық Ксиаоли Янгтен ұтылды. 

Осылайша жартылай финалға шыққан екі боксшымыз да финалға өте алмай, құрама қоржынына екі қола медаль салды. Айта кетейік, әлем чемпионатына Қазақстан сапынан он спортшы қатысқан болатын.