Спорт • 14 Қазан, 2019

Элиталы кезеңге жолдама алды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Чемпиондар лигасының ірік­теу кезеңінде бақ сынаған Алма­ты­ның «Қайраты» мен Рудный­дың «Аят» клуб­тары элиталық кезеңге жолдама алды.

Элиталы кезеңге жолдама алды

Мажарстанның Береттьоуйфалу қала­сында өткен бәсекеде сынға түскен «Қай­рат» командасы үш ойын өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жетті. Алғашқы екі ойында қарсыластарына есе жіберген отандастарымыз соңғы турда  алаң иелері – «Береттьоуйфалу» клубын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, топта үшінші орын иеленді. Жарыс ережесі бойынша элиталық кезеңге топта алғашқы үш орындағы командалар жолдама алады.

Ал Литваның Каунас қаласында өткен додада бақ сынаған Рудныйдың «Аяты» да турнирдің элиталық кезеңінде ойнауға мүмкіндік алды. Бір ойында жеңіске же­тіп, екі матчта жеңілген «Аят» үшінші орын­мен келесі кезеңге жолдама алды. Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі 19-24 қараша күндері өтеді. Ал финалдық бәсеке 2020 жылдың 23-26 сәуір күндеріне жоспарланған.