Руханият • 14 Қазан, 2019

Батырлар жырын жатқа оқып, сыйлық ұтып ал!

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте ұлттық құндылықта­ры­мыздың бірі – батырлар жырын оқудан байқау өтпек. Республикалық іс-шараны «Рухани жаңғыру» бағдар­­ламасы аясында Qazaq epos қоғам­дық қоры ұйымдастыруда. Бұл бай­қау респуб­лика бойынша 6-10 сынып оқушылары арасында өтіп, қаты­сушылар 132 бет, 5206 жолдан тұратын Қобыланды батыр жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтады.

Батырлар жырын жатқа оқып, сыйлық ұтып ал!

Сондай-ақ мектеп оқушылары жыр ішін­дегі көнерген, тарихи сөздердің мағы­насын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулы­ғынан әзірленген сұрақтарға жауап бермек.

Қазіргі таңда байқауға қатысуға Шымкент қаласы бойынша 116 мектептен 1094 оқушы, 610 мұғалім тіркелді. Шым шаһарда басталатын байқаудың аудандық іріктеуі 28-31 қазан, қалалық кезеңі 6 қараша күні өтеді.

Байқаудың жүлде қоры қомақты. Аудан­дық кезеңде 1-орынға 150 000 теңге (немесе бағалы сыйлық), 2-орынға 100 000, 3-орынға 50 мың теңге беріледі. Ал қалалық кезеңде 1-орын үшін 1 миллион, 2-орынға 600 мың, ал 3-орынға 300 мың теңге жүлде тағайын­далған.

Жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне жүлде қоры да жоғары. Аудандық кезеңде жеңіске жеткен оқушылардың ұстаздарына Білім және ғылым министрінің арнайы дипломы табысталады. Ал қалалық кезеңде үздік атанған оқушылардың ұстаздары 1-орын үшін 2 миллион, 2-орынға 1 миллион 200 мың, 3-орын үшін 600 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталмақ.

 ШЫМКЕНТ