Биылғы жылдың аяғына дейін саябақ қоршалып, жарық жүйесі тартылып, көшеттер егілетін болды. Сондай-ақ, суару жүйесі мен жер асты коммуникацияларын қалпына келтіру жұмыстары да қолға алынады. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын таппақ.
Бұдан бөлек, жоба аясында саябақтағы аллеялар ретке келтіріліп, велосипед жолдары мен субұрқақтар салу, балалардың ойын аттракциондарын орнату қарастырылған.
Кеңесте саябақ аумағында берілген жер телімдерін пайдалану мәселелері де қаралып, қала тарихына арналған аймақтарды рәсімдеу ұсынылды.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар қалаға аса қажетті жобаның іске асырылуы мен жұмыс сапасын бақылау жөніндегі қоғамдық комиссия құру туралы шешім қабылдады.
Қарағанды облысы